Керниг бейнелісі
– шалқасынан жатқан баланың бір аяғын ұршық және тізе
буындарында бүгеді. Содан соң тізе буынынан қозғалтпай ұстап тұрып, екінші қолымен
өкшесінен ұстап, жәйлап балтырын тікейтіп, жазуға бағышталған қимыл жасағанда, толық
жазылмайды
(19 сурет).
Бұл бейнеліс 4 айға дейін сақталады.
Бабинский бейнелісі
– баланың табанының сыртқы жиегімен өкшеден бармақтарға
қарап сызып тітіркендіргенде үлкен башпайы жазылады да, басқа саусақтары желпуіш
тәрізденіп бүгіледі. 1 жасқа дейің сақталады.
Тіреу бейнелісі
– баланы 2 қолтығының астынан және сұқ саусақтармен басын арқа
жағынан ұстап көтеріп, табанын жерге тигізгенде аяқтарын бүгіп, жинап алады (1-
сатысы). Екінші сатысында табанымен жер басып, денесін түзеп, аяғын тікеп, жерге
тірейді
(20 сурет).
1–1,5 айға дейін физиологиялық болып есептелінеді.
Автоматты жүру бейнелісі
– баланы тіреу бейнелісі пайда болатындай етіп ұстап,
жәйлап алдына қарай еңкейткенде аяқтарын кезек көтеріп, жүріс қимылдарын жасайды
(21 сурет).
Жаңа туылған дені сау балаларда 1–1,5 бойы сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |