Симметриялы емес учаскені тықылдатқанда есте ұстайтын нәрсе: бала жылап, қатты
дыбыс шығарып айқайлағанда, дауыс өзгеруі мүмкін. Сондықтан, жаңылыспас үшін,
перкуссияны салыстырмалы перкуссиядан бастаған жөн. Ол дауыстың өзгеруін неғұрлым
дәл анықтайды.
Экссудативті плевритте, егер сұйық барлық плевра кеңістігін толтырып тұрмаса,
Эллис-Дамуазо-Соколов сызығын анықтауға болады
(61-1 сурет),
жоғары шекарасы артқы
қолтық сызығының бойында болып, одан ішке қарап төмен түседі. Сызық сұйықтық
максимальды деңгейіне сәйкес келеді, және өкпе түбіріне қарай, сұйыққа жақын ьғысады.
Достарыңызбен бөлісу: