45-бап. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек
1. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек – адам, отбасы және қоғам
деңгейінде көрсетілетін, қолжетімді медициналық қызметтер көрсету кешенін:
1) неғұрлым кең таралған ауруларды, сондай-ақ жарақаттануларды, улануларды
және басқа да кейінге қалдыруға болмайтын жай-күйлерді диагностикалау мен емдеуді;
2) инфекциялық аурулар ошақтарында санитариялық-эпидемияға қарсы
(профилактикалық) іс-шараларды;
3) халықты гигиеналық оқытуды, отбасын, ананы, әкені және баланы қорғауды;
4) халықты қауіпсіз сумен жабдықтау және оның кенеулі тамақтануы жөніндегі
түсіндіру жұмыстарын қамтитын, тәулік бойы медициналық бақылауы болмайтын,
дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмек.
Алғашқы медициналық-санитариялық көмекті учаскелік терапевтер, педиатрлар,
жалпы практика дәрігерлері, фельдшерлер, акушерлер және мейірбикелер көрсетеді.
3. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйымдардың қызметі
азаматтарға медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы ескеріле отырып, тұрғылықты
және (немесе) бекітілген жері бойынша медициналық көмектің қолжетімділігін
қамтамасыз ету мақсатында аумақтық принцип бойынша құрылады.
4. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету
Достарыңызбен бөлісу: |