Тамақтандыру, дене күтімі. Баланы тиімді тамақтандыру үшін негізгі қағидаларды
орындау керек:
неғұрлым ұзағырақ емшек емізу;
емшек сүті жеткіліксіз болғанда, уақытында бейімделген сүт қоспаларымен
жасанды тамақтандыруға көшіру;
баланың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес кезінде қосымша тамақ беру;
сәбидің ішкен тамағының құрамының тиісті тағамдық заттарға
физиологиялық мұқтаждыққа сәйкес келуін қадағалау;
баланың денсаулығын, жеке ерекшеліктерін, тәрбие жұмыстарын, қоршаған
орта жағдайын ескере отырып, медициналық бақылаумен қамтамасыз ету.