54-бап. Дәстүрлі медицина, халық медицинасы (емшілік) 1. Дәстүрлі медицина әдістеріне гомеопатия, гирудотерапия, мануальдық терапия,
рефлекс-терапия, фитотерапия және табиғаттан алынатын құралдармен емдеу жатады.
2. Медициналық білімі бар, тиісті лицензия алған адамдардың дәстүрлі медицина
саласындағы қызметке құқығы бар.
3. Халық медицинасы (емшілік) – халық жинақтаған емшілік құралдар туралы,
сондай-ақ емдеу және гигиена тәсілдері мен дағдылары және оларды денсаулықты сақтау,
аурулардың алдын алу мен оларды емдеу үшін практикада қолдану туралы эмпирикалық
мәліметтердің жиынтығы.
4. Жеке тұлғалардың халық медицинасы (емшілік) әдістерін пайдалануы уәкілетті
орган аккредиттеген денсаулық сақтау ұйымдары беретін сертификат негізінде жүзеге
асырылады. Осы сертификатты алған жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының емшілер
тізіліміне енгізілуге жатады.