Қазіргі кезде көп жағдайда клиникалық тұрғыдан білінбейтін, бірақ олардың
кейінгі қалдықты әсерлері түсініксіз құрсақ ішілік инфекцияның кең таралғаны күмән
тудырмайды.
Неонатальды импритингті (психикалық, антигендік, функциялық жүйелердің)
зерттеудіңде маңызы аз емес.
«Адам геномын» зерттеудегі жетістіктерге байланысты туған кезде генетикалық
кодты және генетикалық төлқұжатты верификация мәселесіде алдымызда тұр.
Алдын ала егу шараларын оңтайландыру, вакциналардың сапасын артыру, бір
вакцинацияны көптеген вакциналармен қосып жүргізу мәселесіде күн тәртібінде тұрған
өзекті мәселелердің бірі.
Біріккен тәжрибелік педиатрия ғылымын бірнеше тармаққа бөлуге болады:
профилактикалық, клиникалық, ғылыми, әлеуметтік, экологиялық педиатриялар.
Достарыңызбен бөлісу: