Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет761/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   757   758   759   760   761   762   763   764   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Бронхоэктатикалық ауру –
негізгі патоморфологиялық субстраты, созылмалы
іріңдік процесспен қабаттасатын, көбіне өкпенің төменгі сегметтерінде бронхтың
жергілікті кеңеюі мен деформациясы болып келетін ауру. 
Этиологиясы
. Бронхоэктазалар түрлі жағдайларда пайда болады. Жүре пайда болған
бронхоэктаздық ауру жедел пневмонияның асқынуы, бөгде дене және тағамның
созылмалы аспирациялары нәтижесінде пайда болады. Бұл жағдайда біріншілік
бронхоэктазалар туралы сөз болады. 
Екіншілік бронхоэктазалар балаларда туа біткен ателектазда, трахеобронхиальды
бұтақтың ақаулыры, иммундық тапшылық, муковисцидоз, цилиарлы дискинезия негізінде
пайда болады. Соңғы жылдары жедел пневмония мен балалардағы бөгде денелердің
аспирациясының сапалы диагностикасы емі нәтижесінде біріншілік бронхоэктазаның
кездесу жиілігі төмендеді. Деформацияланған бронхтардағы созылмалы-іріңді
процесстердің жиі қоздырушылары болып, гемофильді таяқша, пневмококк,
гемолитикалық стрептококк, грам теріс (-) шартты-патогенді флора есептеледі.
Патогенезі.
Бронхоэктазаның патогенезінде маңызды рөльді бронхтар өткізгіштігі-
нің бұзылысы мен ателектаз алады. Зақымдалынған аймақта гипоксия фонында лимфо-
және қанайналысы, трофикасы, иннервациясы бұзылады; пролиферативті процесстер
негізінде клеткалық элементтердің феррменттативтік белсенділігі төмендейді.
 
Іріңді процесс, бронх қабырғасын зақымдап, құрылымды элементтердің
дегенерациясына, содан соң тіннің грануляциялануына, одан әрі склерозға (қыртыстарға)
әкеледі. Нәтижесінде бронхтар секреттен босау (тазалау) әрекетінен, тіптен механикалық
обтурацияны жойғаннан кейінде, айырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   757   758   759   760   761   762   763   764   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет