Клиникалық көріністері.
Шағымдары
: кеуденің ауырсынуы, қызба, көңіл-күйінің
нашарлауы, әлсіздік, ашуланшақтық, ентігу, жөтел, шарасыз жартылай отыру қалпы,
даусының қырылдауы, ықылық ату, ішінің ауруы, құсу, тамақ ішуден бас тарту, бетінде,
мойнында ісіктің байқалуы, бозғылттық, кейде цианоз.
Экссудаттың жиналуы және фибриннің шөгу белгілері
.
Ауырсыну синдромы:
1. Тұрақты ауырсыну; 2. Кішкене балаларда ішінің ауруы, кебуі,
пальпация жасағанда ішінің ауруының артуы (әсіресе эпигастрияда); 3. Ересек балалар
ауырсынудың кеудесінде байқалатынын көрсетеді және оның сол иығына және мойнына
берілетінін атап көрсетеді; 4. Ауырсыну қалпын өзгерткенде және терең тыныс алғанда
арыта түседі.
Перикардтің үйкелу шуы
отырған балада жүрек негізінде төстің сол жақ қырында
естіледі. Шу стетоскопен басыңқырағанда немесе отырған баланы ілгері қарай
еңкейткенде жақсырақ естіледі. Шудың қарқыны нәзік экстратондардан дөрекі
систолодиастоликалыққа дейін болады (жаңа жауған «қардың сықыры»), сұйықтықтың
сипаты мен мөлшеріне байланысты емес.
Жүрек мөлшерлерінің ұлғаюы
– ең бірінші жүректің абсолютті тұйықтығында
байқалады, ал сұйықтық мөлшері айтарлықтай болса, шартты жүрек тұйықтығының
мөлшеріде арытады. Жүрек ұшы соғуы әлсірейді, жүрек тондары күрт тұйықталады.
Максимальды артериальдық қысым төмендейді, минимальды қысым – қалыпты немесе
жоғары болып келеді. Кейде парадоксальды пульс (пульстің соғуы тынысты ішке тартқан
кезде анықталмайды) анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |