Ажырату диагнозы: СГН-те ажырату диагнозыи көп жағдайда ЖГН-тегідей
жүргізіледі.
СГН-тің гематуриялық түрінде IqA нефропатия (Берже ауруы). Бұл аурудың даму
негізінде:
- Вирусты инфекциядан соң толқын тәрізді гематурияның өршуі, бір жыл ішінде
байқалады.
- Бүйрек биоптатында, зәрде, сілекейде, қанда IqA деңгейінің жоғарлауы.
- Гипертензия және басқада экстроренальды белгілердің болмауы.
Көптеген балаларда 5 жылдың ішінде өздігінен жазылып кетеді, бірақ 20% науқас
балаларда есейгенге дейін сақталып, СБЖ-не әкелу мүмкін.
675
Тұқымқуалаушылық нефрит немесе
бүйректік дизэмбриогенезді гематурия байқалғанда келесі жағдайларда күмәндану мүмкін:
- Туыстарында бүйрек ауруларының болуы;
- Балада дизэмбриогенездік стигмалардың болуы;