шығара бастайды. Бірінші топтың гормондары тестерон мен дигидростерон аталық ұрық
бездегі гландулоциттардан шығады. Гландулоциттердің белсенділігін плацента шығаратын
хорионды гонадотропиндер реттеп отырады және оған ұрықтың гипофизінің лютеиндеуші
гормондардың қатысуы да мүмкін. Тестостерон аздаған концентрацияда жалпы ықпал етуі
мүмкін немесе аталық ұрық безінің өзіне ғана өте жоғары деңгейде әсер етуі мүмкін.
Жалпы әсері арқылы сыртқы жыныс мүшелері қалыптасып,
алғашқы жыныс бұдыры
жыныс мүшесіне айналады. Ұма және үрпі каналы пайда болады. Жергілікті әсе-рінен
алғашқы бүйрек өзегінен шәуһет жолдары мен шәуһет көпіршіктері пайда болады.
Екінші топқа жататын гормондар, яғни ұрықтың тестикулалары бөлетін гормондар,
парамезонефрит өзегінің жетілуін баяулатып тастайды. Бұл гормондар бірыңғай
бөлінбегенде парамезонефрит өзегі одан әрі дами береді,
әсіресе аталық ұрық безінің
кемістігі бар жағында, бір жақты өсуі мүмкін және осы жерде қыз баланың ішкі жыныс
мүшелерінің элементтері, яғни жатыр мен жартылай қынап, қалыптаса бастайды.
Тестотерон жетіспеушілігінің нәтижесінде, оның жалпы әсер етуі жүзеге аспайдыда,
қыз балаға тән сыртқы жыныс мүшелері қалыптаса бастайды.
Егер әйелдің хромосом жиынтығы болса, сыртқы және ішкі жыныс мүшелері аналық
бездің әрекеттеріне және аналық бездің қаншалықты дисгенетикалық өзгеріп,
зақымдалуына қарамастан қалыптаса береді.
Бұл гормондар тек еркектік жыныс мүшелерінің қалыптасуына ғана емес, сонымен
қатар, нейроэндокрин жүйесінің белгілі бір бөліктерінің жетілуінеде әсер етеді және
тестестерон гипоталамус пен гипофиз текті эндокринді
әрекеттердің циклді қайта
құрылып отыруын басып тастайды.
Демек ерлердің жыныс жүйелерінің, мүшелерінің табиғи қалыптасуы үшін
тестикулдің гормональды әрекеттерінің толық, әрі уақытында қосылуының маңызы үлкен.
Төмендегі жағдайлар жыныс мүшелерінің қалыптасуының бұзылуына себеп болуы
мүмкін:
1. У-хромосомдарының белсенділігінің төмендеуіне әкеліп соқтыратын жыныс
хромосомдарының әрекеттерінің және жиынтығының өзгеруі.
2. Тестикулдың диспализиясына және оның гормональды белсенділігінің төмендеуіне
себеп болатын эмбриопатиялар. Бұл жағдайларда ХУ хромосом жиынтықтары тепе-тең
күйінде кездесуіде мүмкін.
3. Ұрықтың тестикулды гормондарға қарсы туа біткен немесе эмбрион және фетагенезде
пайда болған сезімталдығының өзгеруі.
4. Ұрықтың тестикулдерінің эндокринді әрекеттерінің плацента арқылы жеткіліксіз әсер
етуі.
5. Әйел генотипі (XX)
болғанда, яғни ер жыныс гормондарын экзогенді (сырттан)
жібергенде, анасында андроген бөлетін ісіктер болғанда немесе ұрықтың бүйрек
безінің ықпал етуі андрогендік гормондардың ете көп мөлшерде аномалиялы
жинақталғанда.
Жаңа туған қыз баланың аналық безі құрылысы жөнінен әйел адамның аналық безіне
ұқсас болады, бірақ, кіші жамбас сағасынан біраз жоғары орналасады. Ал, 2-5 жас
аралығында кіші жамбасқа түсіп, өзінің қалыпты орнына орналасады.
8-10 жастағы қыз баланың аналық безінің бөлген эстроген гормондарының әсерінен
жыныс мүшелері өсе бастайды және екінші жыныстық белгілер пайда болады.
Қыз балалардың жыныстық жетілуін 3 сатыға немесе кезеңге бөледі: нейтральды
немесе асексуальды (6-7 жасқа дейін), пресексуальды немесе препубертатты (8 жастан
алғашқы етеккірі келгенге дейін), пубертатты (алғашқы
етеккірі келген кезден бастап,
жыныстық жетілуі толық аяқталғанына дейін).
Нейтральды кезеңде жыныс гормондары баланың өсіп-жетілуіне әсер етпейді.
Пубертатты кезеңде организмде айтарлықтай жыныстың жіктелуі жүреді. Ішкі
секрециялық бездер бөлу әрекеттерін бастайды. Пубертатты кезеңде жыныстық жетілу
күшейіп, кейін аяқталады.
272
Аталық ұрық бездері қос безді мүше, ол бөліктерден тұрады. Бөліктер ирек және тіке
шәуһет түтікшелерінен тұрады. Ер адамның аталық безінің салмағы орташа 25 г,
ұзындыгы 3-5 см, ені 2-3 см-ге тең. Ал, жаңа туған ер балада ұзындығы да, ені де 8 мм-ге
тең болады. Оң аталық ұрық безі әдетте сол безден үлкендеу болады.
Достарыңызбен бөлісу: