Гипогалактия пайда бола қалған кезде, біріншіден, лактацияны стимуляциялау үшін
сәбиді жиі тамақтандыру қажет.
Екіншіден, анасының күн және тамақтану ережесін
қалыптастыру керек.
Сәбиін емізетін әйелдің тәуліктік рационында орта есеппен 112 г белок, оның ішінде
60 г жануартектес, 90 г май, оның ішінде 25-30 г өсімдіктектес, 360-410 г көмірсулар
болуы керек. Бүндай рацион тәулігіне 2700-3000 ккал энергиямен жабдықтайды. Бала емі-
зетін ананың күнделікті тағамына ет, балық, сүт, сүт тағамдары (сүзбе, қаймақ, айран, са-
ры және өсімдік майы, ірімшік), жұмыртқа, әртүрлі жармалар, көк-өніс, жеміс кіруі керек.
Минеральды тұздар (кальций, калий, магний, фосфор)
көзі ретінде бала емізетін
әйелдің диетасына құрамында көк-өніс, көк шөптер, жемістер және көп қанықпаған май
қышқылының көзі ретінде өсімдік майы болуы керек. Бір тәулікке қажетті тағамдардың
шамамен алған мөлшері
51 кестеде
берілген.
51 КЕСТЕ
Достарыңызбен бөлісу: