Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет583/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   579   580   581   582   583   584   585   586   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Этиологиясы.
Әдеби мәліметтер құрсақ ішінде 10% нәрестелердің түрлі
микроорганизмдермен зақымдалатынын көрсетеді. Ұрықта және жаңа туған нәрестеде
инфекциялық процессті әртүрлі микроорганизмдер шақырады: вирус, бактерия,
қарапайымдылар, саңырауқұлақтар және шартты патогенді флоралар. 
Денсаулық сақтау тәжірибесінде антибиотиктердің кең таралуы инфекциядан өлімнің
төмендеуімен қатар, басқа да негативті жағдайлардың туындауына әкелді. Қолданатын
антибиотиктерге микробтардың бейімделуі, циркуляциядағы бактериялық штаммдардың
антигендік құрылымы бұзылып, микробтардың жаңа түрлерінің қалыптасуына, толық
емес белок және ферменттері бар вирус бөліктерімен бірге мутантты микроб
штаммдарының дамуына әкеледі. Бұл табиғи микробиоздың бұзылып, ішек таяқшасы,
микоплазма, стрептококк, кандида саңырауқұлақтардың белсенділігінің жоғарылауына
ықпал етеді. 
Қазіргі кездегі әдебитеттердің мәліметтері бойынша ҚІИ антенатальды қоздырғышы
болып, микоплазмалар және вирустар (цитомегалия, қарапайым вирус, грипп және т.б.),
ал интранатальды кезеңде хламидия және микробты инфекциялар (стрептококк, листерия,
шартты-патогенді микроорганизмдер) есептеледі. 
Сонымен бірге айта кететін жағдайдың бірі шартты-патогенді микрофлораның ролі-
нің жоғарылап, ал соның ішінде грам теріс бактериялардың, облигатты анаэробты бакте-
рияның маңыздылығы артуы, аэробты флораға қарсы антибиотикті кең қолданумен түсін-
діруге болады. Көбіне Е-coli, KLebsiella pheumonаde, Proteus mіrabilis қоздырғыштары жиі
тіркеледі. Антибиотикті қолдану барысында нәрестенің иммундық статусы бұзылып,
микроорганизмдер қарқынды көбейеді және ұрық организміне еніп, ұрықтағы микроорга-
низмдерге қарсы иммунитет және қорғаныс қасиеті жоғалып, инфекциялық стресс даму
мүмкіншілігі артады. Бұл неонатальды кезеңде сепсис, пневмония, менингит ауруларының
пайда болуына ықпал етеді.
Аурудың қоздырғыштары қатарында стафилакокктың ролі жоғары.
Негізінен оның 3 түрі кездеседі: S aureus, S Epidernitis, S warherit. Алғашқы екі түрі
50% жағдайда анықталған. Олардың антибиотиктерге сезімталдығы өзгерген. Барлық
анықталған штаммдардар полусинтетикалық антибиотиктерге сезімтал. Левомицитинге,
цефалоспориндердің 3-ші ұрпағы қатарындағы антибиотиктерге, макролидтерге
сезімталдығы сақталған.
Соңғы 10 жылда стрептококктердің, ҚІИ этиологиясындағы деңгейінің айқын емес
жоғарылауы анықталды. Бұл қазіргі кезде ауруды емдеу және алдын-алу мақсатында кең
пайдаланылатын аминогликозидтерге микроорганизмдердің табиғи төзімділігінің жоғары
368


болуына байланысты. Құрсақ ішілік инфициялануында ұрықта пневмония, менингит,
септицемия сияқты асқынулар анықталады.
Жүкті әйелдер және жаңа туған нәрестелер үшін соңғы жылдары “жаңа”
антропоноздар ерекше маңызды болып отыр. Оларға листериоз, хламидиоз және т.б.
сопроноздар классына жататын инфекциялар кіреді. Бұл класстың негізгі көзі зоонозды,
жануарларда емес, антропонозды адамдарда емес, ол қоршаған ортаның субстраты болып
табылады (топырақ, табиғи және жасанды су қоймалары).
ҚІИ-ның этиологиялық құрылымында кандидоз, микоплазмоздар көбейген. Осы
топтағы микробтардың сипаты клетка ішінде ұзақ паразитті жағдайда өмір сүретін
хламидияға ұқсас. Олар клетка ішінде ұзақ уақыт гистоцитарлы-макрофагальды жүйеде
кожалық етеді де, бала организмінде созылмалы және үдемелі процесстің ерте
қалыптасуына әкеледі. 
Инфекциялық токсикозбен сипатталатын кандидоз, микоплазмоз, хламидиозда жаңа
туған нәрестеде жағдайының ауырлығымен емес мүшелер және жүйелердің белгілерінің
әлсіз байқалуымен, рутинді терапия әдістеріне төзімділігімен сипатталады. Ақырында
өліммен аяқталу қауіпі емес, инфекцияның асқынуы жоғары. 
Жыныс жолдары арқылы берілетін инфекциялық аурулардың деңгейі күрт артқан.
Олардың 20 есе өскені анықталды. Кездесу жиілігі және маңыздылығы жөнінде хламидий,
герпес, микоплазма, кандида тұқымдастығындағы саңырауқұлақтар, классикалық бактери-
альдық аурулардың қоздырғыштарының (мерез, соз, трихомонияз және басқа) орнын
басуда. Бұл қоздырғыштар жыныс жолдары арқылы берілетін екінші микроорганизмдер-
дің ұрпағы болып табылады. Оларды ажырату қиын болса, ал емдеу оданда қиын
процедуралардың бірі болып саналады. Сонымен бірге жыныс жолдары және берілу
жолы жыныс мүшелері емес аурулар бар (гепатит В, цитомегалия). 
Құрсақішілік инфекциялардың көбі оппартунистік болып табылады. Өзгерген
иммундық жауаптың нәтижесінде ғана клиникалық көріністері айқындалады. Сондықтан
жаңа туған нәрестелердегі ҚІИ даму қауіптілігі жүктілік кезіндегі әйелдердегі жедел
жұқпалы аурулардың анықталуына байланысты емес, әйелдегі созылмалы патологияларға
және жүктілік кезіндегі түрлі асқынуларға тәуелді. 
Оппортунистік инфекциялардың түріне цитомегалия, герпес-инфекциясы,
токсоплазмоз, листериоз және т.б. жатады. 
Қазіргі кезде акушерлік және перинатальдық аурулардағы әртүрлі ассоциацияланған
этиологиялық құрылымдар – вирустар – бактериальды, вирусты – вирусты, бактериальды
– бактериалдардың маңыздылығын атап өту керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   579   580   581   582   583   584   585   586   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет