Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет590/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   586   587   588   589   590   591   592   593   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Листериозды менингит.
Менингиттің этиологиясындағы L.monosutogenes ролі
толық анықталған жоқ. Бірақ, басқа географиялық аймақтарда: мысалы Солтүстік Амери-
када неонатальдық менингиттердің этиологиясында 3-ші орынды алады. Клиникалық
көріністері бойынша листериоздық менингит басқа этиологиясы бар іріңді менингиттерге
ұқсас болып келеді.
Клиникалық көрінісінде жоғары деңгейдегі қызба, гипертензия мен менингиальдық
белгілердің ерте және тез көрінуі (шүйде бұлшық ет тартылуы, Кернинг, Бруздинский
симптомдары) байқалады. Энцефалит белгілірі мидың әртүрлі бөлігінде көптеген грану-
лемалар мен периваскулярлы инфильтратқа байланысты. Мидың зақымдалуында жұлын
сұйықтығы лайлы, жоғары қысыммен ағатын, цитоз 1мл 100 ден (1мкл бірнеше мыңға
дейін нейтрофилдер басым) болып келеді. Қант пен хлоридтердің мөлшері азайған, белок-
тың мөлшері жоғарылаған болады. Моноцидтердің болуы листериоздық менингиттің
ерекшелігі болып табылады. Мидың микроскопиясы кезінде жиі клетка ішілік және клетка
сыртында грамм теріс таяқша анықталады.
Диагностикасы.
Клиникалық көріністердің әртүрлілігі макроорганизмдердің имму-
нологиялық жауабы мен листерияның штаммдарының вируленттігінің деңгейіне тәуелді.
Мұның барлығы неонатологтарға диагноз қоюды қиындатады. Алғашқы диагностика
аурудың клиникалық көріністері анамнезбен бірге, эпидемиолгогиялық көрсеткіштер мен
клиникалық, лабараториялық зерттеудің нәтижесінің негізінде қойылады. Тіндер мен
мүшелерде (плацента, қан, мекония), жұлын сұйықтығында, қанда листерийдің анықталуы
диагностикада үлкен роль атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   586   587   588   589   590   591   592   593   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет