Нәрестелердің өліетті (некротикалық) флегмонасы
– нәрестелердің ең ауыр
іріңді-септикалық ауруларының бірі. Дерт терінің шамалы бөлегінде қолға, әдетте
сипағанда қатты білінетін қызыл түсті дақтың пайда болуынан басталады. Оның
болашақта дамуын 4 сатыға бөледі:
Алғашқы сатысы (жедел қабынулы процесс)
бірнеше сағаттың ішінде, тез
дамуымен, зақымдалу ошағының таралып, айтарлықтай үлкен болуымен
сипатталады.
Тері асты шел майының зақымдалуы қарқыны (іріңді қабыну) терінің өзгеру қарқынынан
әдетте, басым келеді. Бұған тері асты шел майының лимфа тамырларына, кең лимфа
қуыстарына бай болуы ықпалын тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |