ІІ дәрежелі гипотрофияда
тиісті дене ұзындығының аздығы 2-4 см азайған, тиісті
дене салмағының жетіспеушілігі 15-30% құрайды. Бала белсендлігі төмендеп, селқостық,
адинамия, тітіркеншіктік дамиды. Терісі сұр реңді, бозғыл түсті, құрғақ түлеген. Тері
серпінділігі мен тіндер тургоры төмендеген, бұлшықет гипотониясы айқындалады. Іш пен
аяқ-қолдарындағы тері асты шел майы қабаты жұқарған немесе жойылған, бетінде
сақталған болып келеді. Жылу реттелуі бұзылған. Тәбеті төмендеген. Ұйқысы тынышсыз.
Жиі жүрек аритмиясы, тахикардия, гипотония байқалады. Нәжісі тұрақсыз: Іш қату
диспепсиялық нәжіске ауысады. Көмірсуларды шектен тыныс бергенде ұнды нәжіс
болады: нәжіс көпіршікті, ботқа тәрізді немесе шырыш аралас қорытылмаған крахмал
тұқымдары бар сұйық сипатта болады. Сиыр сүті, сүзбені көп қабылдағанда, ақуызды
нәжіс байқалады: нәжіс әкті-сабынды түрде және қоңыр түсті домалақ түрінде
құрғақтанып, ұсақ үгітіліп шашылады, шірік иіс шығады. Тамаққа тоймауда «аш» нәжіс
пайда болады – нәжіс құрғақ, аз мөлшерде, түссіз, шірік-өткір иісті болады.
ІІІ дәрежелі гипотрофияда
(атрофия) дене салмағының жетісеушілігі 30% артық
болады. Бой ұзындығы жасына сай мөлшерден 7-10 см қалады. Баланың сыртқы келбеті
терімен қапталған қанқаға ұқсайды. Тері асты шел майы қабаты ішінде, денесінде және
аяқ -қолдарында жойылған, бетінде жұқарған немесе мүлдем жоқ болады. Терісі сұр-
бозғылт түсті, құрғақ, аяқ қолдары салқын болып келеді. Тері эластикалық қасиетінен
айырылады (көптеген әжімдер білінеді). Биш кесектерінің (түйіндерінің) жоғалуына
байланысты, беті түсіңкі, қарт тәрізді, әжімді, үшкір болып келеді. Тіндер тургорлары
мүлдем жойылған. Бұлшықет атрофиясы және бүккіштер гипертонусы дамиды, сусыздану
белгілері айқындалады. Шөлдеу, үлкен еңбек пен көз алмасының түсіңкі болуы,
конъюктива мен мүйізді қабаттың құрғақтығы, ауыз қуысының құрғақ, алқызыл кілегей
қабаттары, дене қызуы төмендеген, балалар тез салқындауға бейім келеді. Нәжісі
тұрақсыз. Иммунитет күрт төмендеген, қабыну аурулары дене қызуының көтерулуінсіз
және жиі асқынулармен өтеді. Туа біткен гипотрофияда ОНЖ түрлі бұзылыстары
байқалады. Баланың физикалық дамудың төмен көрсеткіштерімен туылады.
Достарыңызбен бөлісу: