Гиповитаминоз А.
А витамині жетіспеушілігінің ауыр және ұзақ байқалатын
түрлерінде тауық көз (гемералогия), яғни, баланың кешкі қара көлеңке кезде көрмеуі
байқалады. Соқырлық, терінің іріңдеуге бейімділігі, безеулер, шаштың құрғақтығы,
түссізденуі, тырнақта сызықтары, гипероксалурия, зәрдің қоюлануы, бүйректің
интерстициальдық реакциясы, нефролитиаз, кератомаляция анықталады. Жиі тұмау,
пневмония, қайталамалы іріңді отит байқалады. Салмақ қосу мен психимоторлық даму
іркілісі, апатия, сүйек эпифиздері мен тіс эмалінің түзілу кемістігі байқалады. Қандағы А
витамин мөлшері 0,7 мкмоль/ л-ден кем.
Емдеу
үшін баланы дұрыс тамақтандыру керек. Құрамында А витамині жеткілікті
тағамдық өнімдер: бауыр, жұмыртқа, май, сиыр сүті. Салат, сәбіз, бұршақ, қырыққабақ,
қызанақ, шырғанақ, көк пияздың құрамында А провитамині көп. А витамині 500 ХБ
күніне 2 рет ішеді. Ауыр түрлерінде мөлшерін тәуелігіне 2500 ХБ-ке деңгейін көтереді.
Достарыңызбен бөлісу: |