Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет684/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   680   681   682   683   684   685   686   687   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

В
1
 витамині (тиамин). 
Тамақпен организмге түскеннен кейін фосфор қышқылымен
қосылып, пирожүзім және кетоглутар қышқылдарының тотығып декарбоксилденуіне
қатысатын, кокарбоксилоза коферментіне айналады. Кокарбоксилазаның организмде
жетіспеуі, пирожүзім қышқылының ыдырауын (СО
2
және Н
2
О) тоқтатады да, әртүрлі
бұзылыстардың, әсіресе нерв жүйесінің, себебі болады. В
1
витаминінің келесі кофермент-
тік түрі (тиамидиндифосфат), соңғы құрамы нуклеин қышқылының синтезделуіне қажет
рибоза болып келетін, көмірсулардың ыдырауының пентозофосфатты жолына қатысатын
фермент транскетолазаның құрамына кіреді.
В
1
, витамині қоздырғыш импульсті нервтен орындаушы мүшеге жеткізуге қатысады:
холинэстеразаны зорлау арқылы ацетилхолиннің әсерін күшейтеді. Сонымен қатар,
симпатиндердің, яғни нерв жүйесінің симпатикалық бөлімінің қоздыру импульсін
берушілердің, әрекетін арттырады. В
1
витамині қышқылды ортада бұзылмайды, бірақ
нейтральды ортада қайнатқанда активтігін тез жояды. Бұл қасиеттерін тамақты пісіргенде
ескеру керек. Дәнді дақылдардың қабығының астында және ұрығында орналасады,
сондықтан, дәнді тазалағанда оның көбі кебегіне кетіп қалады. В
1
, витамині ішек
микрофлораларымен де синтезделеді.
Емшек жасыдағы балаларда тиаминнің қоры өте аз болады, сондықтан оның көбін
тамақпен қабылдауы керек. Егер анасының организмінде В
1
витамині жетіспейтін болса,
баласында тез арада В
1
витаминінің жетіспеушілігі пайда болады. Себебі, ана сүтінде сиыр
сүтіне қарағанда, В
1
, витамині аз болады.
В
1
гиповитаминозы тамақ құрамында аз болғанда, асқазан сөлінісі төмендейтін
ауруларда, ұзаққа созылатын іші өтуде, ішек микрофлорасына әсер етіп, В
1
витаминінің
синтезін тежейтін сульфаниламидтер мен антибиотиктерді (эндогенді гиповитаминоз)
қолданғанда байқалады. В

гиповитаминозының клиникалық белгілері жан-жақты болады:
енжарлық, тәбеттің төмендеуі, құсу, диспепсия, гипотрофия, терісі мрамор тәрізденеді.
Сонымен қатар, В
1
гиповитаминозында рефлекстер жойылып (тізе, табан бейнелістері),
афония пайда болуы мүмкін. Жүректің мөлшері үлкейіп, тахикардия байқалады. Ертеректе
суреттелгендей В
1
витамині жетіспеушілігінің ауыр клиникалық көріністері (Бери-Бери
ауруы) қазір байқалмайды.
В
1
витаминіне дәндер, сүт, бүйрек, жұмыртқа сарысы, жаңғақ, бұршақ тұқымдастар,
шошқа және бұзау еттері, қара нан және т.б. бай келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   680   681   682   683   684   685   686   687   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет