Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет725/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   721   722   723   724   725   726   727   728   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

6.2.3. КРУППОЗДЫ ПНЕВМОНИЯ
451


Круппозды
пневмония
негізінен мектепке дейінгі және мектеп жасындағы
балаларда кездеседі. Бұл пневмонияның бір жасқа дейін сирек кездесуін – бұл
жастағыларда пневмококке сенсибилизация пайда болмағандығынан деп түсінеді.
Балаларда крупозды пневмония өкпенің бөлігін түгел қамтымай, тек бірнеше
сегментпен шектелуі де мүмкін.
Клиникалық көрінісі.
 
Ауру дене қызуының кенеттен 39-40
о
көтерілуімен, басы
ауырып, халының күрт нашарлауымен (сандырақтау, ес аууға дейін), «дат түсті»
қақырықты жөтелмен, кеудесінің ауруымен басталады. Аурудың алдында, аз уақыт бойы,
ең көбі бірнеше сағатқа ғана созылатын, жалпы әлсіздік, сүйектердің сырқырауы, басының
ауруы болуы мүмкін. Науқастардың көпшілігі ішінің оң жақ бөлігінің ауыратынына
шағымданады. Осы кезде құсу, іштің кебуі, іш өтуі байқалып, жедел аппендицит, жедел
ағымды гастрит немесе перитонитке ұқсас болады. Науқас аяқтарын кеудесіне бүгіп,
«ауру» жағына жатуды ұнатады. Науқасты қарағанда, аурудың бастапқы кезінде көңіл
аударатын жайлар: кейбір тежелулер, тері қуқылдығы, бетінің қызаруы (көбіне тек қабыну
жағында), ернінің құрғауы, көздің «жайнауы», ерін мен мұрын аймағында ұшықтың
(герпес) шығуы, қосымша еттердің қатысуымен ентігуі (желбезек желбіреуі, төс сүйегінің
жоғарғы ойысының ішке тартылуы). Науқас баланы тексергенде кеуде қуысының ауру
жағының тыныс алудан қалыс қалуы, өкпенің төменгі шегінің қимылының азаюы,
дауыстың дірілінің әлсіреуі, бронхофонияның күшеюі, дерт ошағы орналасқан жағының
беткі терісінің ісінуі және қысқарған тимпаникалық дыбыс байқалады. Науқас алғашқы
сағаттарда ыңқылдап (уһілеп) дем алады. Қысқа және ауырсынған жөтелден кейін
азғантай, қою, мөлдір, біраздан кейін сарғыш түске енетін қақырық түседі. Демін
тереңірек ішке тартқанда, кеудесінде ауырсыну байқалады. Қабыну процессі өкпенің
жоғарғы бөлігінде орналасса, ауру жағында Керниг жазықтығының тарылғаны
анықталады. Дене қызуы үнемі жоғары болады, жөтел күшейеді, бірақ ауырсынуы,
мазасыздануы азайып, жөтелі ылғалданады (кейде қақырық қызыл-қошқыл түстенеді).
Ентігу күшейіп, цианоз және ерні мен беті ісінеді. Физикалық тексеруде аурудың 2-3-ші
күнінен-ақ бронхтық тыныс, перкуторлық дыбыстың қысқаруы, тұрақсыз, нәзік
крепитация естіледі. Кейде сырылдар кейінірек естіледі. 
Круппозды пневмонияда қабыну құбылысы түгелдеу дерлік плевраныда қамтысада,
науқастардың бәрінде плевра үйкелісінің дыбысы естіле бермейді. Сау өкпе мен қабыну
жоқ бөліктерде перкуторлық дыбыс қорапты болады. Круппозды пневмонияның қызған
кезеңінде өкпеден тыс өзгерістерде орын алады: жүрек-қантамыр (жүрек дыбыстарының
көміскіленуі, салыстырмалы жүрек шекарасының аздап кеңеюі, нәзік систолалық шу, ЭКГ-
дегі өзгерістер), нерв жүйесі (ұйқының қашуы, басының ауруы, сіңір және тері
рефлекстерінің өзгерістері), бауыр (аздап ұлғаюы, ауырсыну, лабораториялық
тексерістерде – залалсыздандыру қабылетінің кемістігі), бүйрек (альбуминурия, кейде
эритро- және цилиндрурия, хлоридтер бөлінуінің азаюы). 
Қанда айқын лейкоцитоз, көбірек солға жылжыған нейтрофилез, ЭТЖ арытуы
анықталады. Бұл пневмонияның ауыр ағымында ауру басталған кезде эритроциттердің
5х10
12
-ден асып кететін компенсаторлық полиглобулинемия байқалуы мүмкін.
Ретгенограммада қабыну инфильтратының ошағының бүкіл өкпе бөлігін қамтығаны
анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   721   722   723   724   725   726   727   728   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет