Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет1029/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1025   1026   1027   1028   1029   1030   1031   1032   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Диагностикасы.
БЖДБ (
билиарлы жолдың дисфункциялық бұзылыстары) анықтау
әдістері болып, холекинетиктермен (неохолекс, жұмыртқа сарысы, сорбит) функциялық
сынама жүргізіп, жасалатын өт жолдарының ультрасонографиясы есептеледі. Өт қабының
көлемінің өзгеруіне динамикалық бақылау жүргізу сфинктердің дисфункциясы және
қабының жиырылу жылдамдығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. 
Дуоденальды зондтау физиологиялық болмаса да, мәліметтер береді:
-
Одди сфинктерінің жабық кезеңінің ұзаруы (6 минуттан артық), В және С бөліктерінің
көлемі азайып, бөлінуінің жылдамдауы (1,5 минуттан артық) бұзылыстардың
гипертониялық- гипокинетикалық сипатты екенін көрсетеді;
-
Одди сфинктерінің жабық фазасының қысқарып (2 минуттан кем), өттің қабықтық
бөлігінің көбейіп (50 мл артық), оның бөлінуінің бәсеңдеуі (1,1 мл/мин-тан төмен)
гипотониялық-гипокинетикалық бұзылыстарға тән болады.
Өтті микроскопиялық зерттеу, дисхолияның куәсі бола алатын холестерин мен
билирубин кристаллдарын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, дуоденальды
зондтау лямбиозды анықтауға мүмкіндік беретін бірден-бір әдіс. Гипотониялық типте өт
шығару жолдарының, әсіресе өт қабы мен Одди сфинктерінің қозғалыс белсенділігі мен
тонусы төмендейді, осыған орай өт іркілісі дамиды. Гипертониялық типте – өт қабы және
сфинктер тонусы күшейген, бұл он екі елі ішекке өттің айдалу процессін бұзады.
Клиникалық көрінісі дискенезия типіне байланысты. ӨШЖД негізгі клиникалық
көрінісі – оң жақ қабырға астының ауырсынуы. Дискенезияның гипотониялық типінде оң
жақ қабырға астында керіп, сыздап ауырсыну болады. Ауру жиі тұрақты, жүрек айну,
ауыздағы ащылықпен қосарлана жүреді. Ал, гипертониялық түрінде ауырсыну ұстама
тәрізді, жедел, бірақ аз уақытта болады. Олар жиі эмоциональды не физикалық жүктеме,
тағам қабылдаумен байлансыты. Көп науқастарда өттік симптом оң мәнді болады.
Сонымен қатар, бауыр жолдарында өт іркілісіне байланысты гепатомегалия дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1025   1026   1027   1028   1029   1030   1031   1032   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет