Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Қарулы қақтығыстар (38 статья)



Pdf көрінісі
бет114/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Қарулы қақтығыстар (38 статья). 
Мемлекет 15 жасқа толмаған балалардың әскери
іс-әрекетке қатыспауын қадағалауы керек. 15 жасқа толмаған бірде-бір бала қарулы күштер
қызметіне шақырылмау керек. Мемлекет қарулы қақтығыстар кезінде зардап шеккен
балалардың күтімін қамтамасыз ету керек.
 
Қалыпастыру күтімі (39 статья).
Мемлекет қарулы қақтығыстың, зорлықтың,
қатыгездіктің, қанаудың құрбаны болған баланың емін, сауығуын қамтамасыз етуі керек. 
Кәмелеттік жасқа толмаған заң бұзушыларға қатысты заңды жүзеге асыру (40
статья).
Заңды бұзған балаға заң оның жасын, әлеуметтік жағдайын ескере отырып,
баланың өзіндік құндылықтарын өсіруге әсер ететін шешім қабылдайды. Бала құқықтық
және басқа да көмектерге құқылы. Мүмкіндігінше соттық тергеу мен бостандығынан
айыратын орындарда ұстауға жол бермеу керек.
Емдік-профилактикалық мекемелер
Балаларға тиісті медициналық көмек көрсететін балалар емдеу-профилактикалық
мекемелерінің бірнеше түрі бар. Оларға балалар ауруханасын (стационар, емханасы),
диспансер, перзентханалардың балалар бөлімшесі, балалар санаториялары жатады.
Сонымен қатар, емдеу-профилактикалық, оның ішінде профилактикалық көмек, балалар
үйі, бөбектер мен балалар бақшасы кешені, мектеп, лагерь (оның ішінде санаториялық
түрлері) сияқты оқу-тәрбиелік мекемелері де кіреді.
Әрбір мекеменің өзіндік міндеттерін және жұмыс ерекшеліктері болады.
Балалар емдеу-профилактикалық мекемелер жүйесінде балалар ауруханасының орны
бөлек. Өйткені, ауруханаларға ауыр науқастар түседі, бұл жерде барлық керекті және
диагностикалық жабдықтар ұйымдастырылған, маман дәрігерлер мен мейірбикелер
жұмыс істейді.
Балалар ауруханасы – қарқынды (интенсивті) емдеуге немесе арнаулы көмекке,
ұдайы төсекте жатып бақылануға мұқтаж 15 жасқа дейін балаларға арналған емдеу-
профилактикалық мекеме. Балалар ауруханаларының бірнеше түрлері бар. Профиліне
байланысты, олар көп профильді және арнаулы болып, ұйымдастыру жүйесі бойынша –
емханамен біріккен және бірікпеген болып, қызметінің мөлшеріне байланысты – керует


санымен анықталатын, әртүрлі санатты болып бөлінеді. Сонымен қатар, әкімшілік
бөліміне байланысты – аудандық, қалалық, клиникалық (егер осы ауруханаларда медицина
жоғары орындарының кафедрасы немесе ғылыми зерттеу институты жұмыс істейтін
болса), облыстық, республикалық ауруханалар болып бөлінеді.
Ірі балалар ауруханаларында балалармен тәрбие жұмысын жүргізетін ұстаздық
лауазымы қаралады. Әртүрлі шаруашылық және техникалық мамандықтар бойынша
лауазымдар бөлінеді (аспаздар, инженерлер, слесарьлар, есепшілер және басқалар).
Емдеу бөлімшелері қызметкерлерінің негізгі мақсаты – ауруларға дұрыс диагноз қою
және емдеу. Емдеудің табысты болуы дәрігерлердің, орта және кіші буын медицина
қызметкерлерінің адал жұмысына, сонымен қатар ауруханада емдеу-сақтау, санитарлық
және эпидемияға қарсы күрес тәртібін сақтауына, көмекші бөлімдердің жөнге қойылған
жұмысына байланысты.
Аурухананың тәртібі дегенді ауру баланың белгіленген өмір сүру тәртібі деп түсіну
керек. Бұл жағдай бірнеше түрлі әсерлерге байланысты. Оның ішінде ең маңыздысы –
толық жарамды ем жасау. Сонымен қатар, жаңа ортаға психологиялық үйренуге тиісті
жағдай жасау. Емдеу-сақтау режиміне толық жақсы жағдай жасау үшін психотерапиялық
тәрбиелеу шаралары қоса істеліп отыруы керек. Ұйқы және демалыс тәртібін сақтауға
қатал талап қойылады. Жайдағы жиһаздар (мебель, гүлдер, телевизор, телефон және т.б.)
соңғы талаптарға сәйкес болуы ықтимал.
Күн тәртібі емдеу бөлімшелерінің профиліне қарамастан, төмендегі элементтерді
сақтауы керек: ертеңгі ояту, дене қызуларын өлшеу, дәрігерлердің белгілеген емдерін
қабылдау, дәрігерлердің аралауы, емдік-диагностикалық процедуралар, тамақ ішу,
демалыс және қыдыру, баланың ата-аналарының қатынасуы, жайды жинау, ауа тазарту,
ұйықтау. Санитарлық-эпидемияға қарсы күрес шараларының маңызы зор.
Балалар бөлімшесі жекелеген әрқайсысы 30 керуеттен тұратын палата секциялары-
нан тұрады, ал бір жасқа дейінгі балалар үшін 24 керуеттен тұрады. Бөлмелер секциясы
бірінен-бірі өтетін болмауы керек. Қабырғаларында немесе қалқаларында шыныланған
ойық болуы керек. Бір жасқа дейінгі балалар үшін боксты немесе жартылай боксталған
палаталар қарастырылады. Әрбір боксте 1-ден 4-ке дейін керуеттен орналасқан болуы
ықтимал. Бір жастан үлкен балаларға арналған палаталарда 4 керуеттен аспауы керек.
Жұмыс жасауға ыңғайлы болу үшін бірнеше палатадан мейірбикелік бекет (пост)
құрылады.
Бокстар мен бөлек секциялар жүйесі – кенеттен пайда болған жұқпалы аурулардың
алдын алуға көмектеседі. Бұндай жағдайға науқастар аурудың белгісі әлі білінбей
тұрғанда, инкубациялық (жасырын) кезеңде душар болады. Балалар ауруханаларының –
емдеу бөлімшелерінің санының, олардың аудан мөлшерінің, өзіндік санының нормалары
дайындалып бекітілген. Аналарға арналған жайларды емдеу бөлімшелерінен бөлектеу,
бірақ бір жасқа дейінгі арналған палатаға жақын жерге орналастырған жөн.
Бөлімшелердің палаталарын жабдықтау және құралдандыру, олардың профиліне,
медицина қызметкерлерінің жұмыс ерекшеліктеріне және қызметкерлердің өз міндеттерін
орындауға қолайлы жағдай жасау қажеттігіне байланысты.
Балалар бөлімшелерінің жұмыс ерекшеліктері ауру балаларды барынша бөлектеу
және жекелеу (изоляциялау), үнемі аурухана ішінде аурудың жұғуының алдын алуға
бағышталған жұмыс жүргізіп отыру керек. Ол үшін палаталарда әртүрлі керме бокстар
қолданылады. Жайлар және құрал-жабдықтар мезгіл-мезгіл дезинфекцияланып (сүртіліп)
тұрады. Қызметкерлер мен келушілер бөлменің санитарлық-гигиеналық тәртібін сақтауға
міндетті.
Жаңа туған нәрестелерге арналған палаталарда керуеттен басқа құндақтайтын стол,
таразы, балалар ваннасы орналастырылады. Орталықтандырылған оттегі, ыссы және
салқын су жүйесімен, міндетті түрде бактерия жоятын шаммен жабдықталған болуы
керек. Құндақтайтын стол орнына қайырмасы бар жеке керует қолдануға болады.


Емшек жасындағы балаларды палатаға ауруларының түріне және хал-
жағдайларының ауырлығына байланысты орналастырады. Палаталарды аурулармен
толтыру жүйелілікпен жүр-гізілу керек. Нәрестелермен шала туған нәрестелерді бөлек
орналастырады. Өкпесі қабынған, іріңдеген және сепсис ауруына шалдыққан нәрестелер
болса, жеке палата (бокс) бөлінеді. Бір палатаға тек жұқпалы емес ауруларға шалдыққан
балаларды ғана орналастыруға болады.
Жаңа туған нәрестелермен, оның ішінде шала туған балалармен тек қана санитарлық
тәртіпті қатал сақтайтын (аяқ киімін ауыстырып киіп, таза халат, маска киген және т. б.)
медициналық қызметкерлер жұмыс жасайды. Қажет болғанда, анасы өз баласына күтім
жасауға қатысады.
Соңғы уақытта кейбір перзентханаларда босанған соң ана мен баланың бір бөлмеде
болуын қамтамасыз ету принципі іске асырылып жатыр.
Баланы ауруханадан жазылғасын, хал-жағдайы толық жақсарғасын немесе басқа
емдеу-профилакториясына ауыстырғанда шығарады. Баланың ауруханадан шығуы туралы
ата-анасына және балалар емханасына хабарланады. Шығар алдында ауру тарихының
қысқаша көшірмесі (эпикриз) дайындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет