Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


ТЕМІРГЕ ТАПШЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР



Pdf көрінісі
бет1148/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1144   1145   1146   1147   1148   1149   1150   1151   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

14.1. ТЕМІРГЕ ТАПШЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР
Баршаға белгілі, толығырақ зерттелген темірге тапшалықтың білінуі анемия болып
келеді. Темір жетіспеушілік анемиясы (ТЖА) балалар арасында анемияның ең кең тараған
түрі. ТЖА ерте жастағы балаларда жиірек кездеседі. Оның созылмалы уланулар жасырын
темір тапшылығы (ЖТП )орын алады. ТПЖ ТЖА-дан 1,5-2 есе жиірек кездеседі. 
Этиологиясы:
І. 
Туылғанда темір қорының төмен болуы. Қауіпті топтар
:
- шала туылғандар, әсіресе өте төмен салмақпен туылғандар;
- жүктілік кезінде теміртапшылығы байқалған аналардан туылған балалар, әсіресе өзінің
алдындағы баладан бір жылдан кейін туылғандар; 
- көп ұрықты жүктіліктен туылған балалар;
- перинатальды кезеңде қан жоғалтқан балалар;
- құрсақішілік дамуы тоқыраған балалар;
ІІ. Алиментарлы факторлар – бала организміне темірдің аз түсуіне әкелетін, темір
тапшылықтың негізгі себептері. Қауіпті топтар:
- туылғаннан бастап, темір қосылмаған жасанды бейімделмеген қоспалармен
тамақтанатын балалар;
- қосымша тамақты кеш бастау және қосымша тамақ ретінде өсімдіәктіәк өнімдерді
пайдаланатын балалар;
- кезкелген жаста негізінен вегетариндік тағамдар қолдану;
- мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тамақ құрамында сиыр сүтінің
көп болуы(тәулігіне 0,5 литрден артық);
ІІІ. Темірді шектен тыс жоюу және пайдалану. Қауіпті топтар: 
- жедел және созылмалы, әсіресе ішек- қарын, инфекциялары;
- созылмалы инфекциялық емес, ішек-қарын жолдарының қабынулы аурулары (тоталь-
ды немесе селективті мальсобция синдромдарында – целиакия, муковисцидоз,
экссудативная энтеропатия, дисахаридазалар жетіспеушілігі және басқалар - шектен
тыс жойылуы және темірдің организмге жетіскліксіз түсуі);
- айқын (мелена, эпистаксис, гематурия, метроррагии және басқалар) және оккультты
(мысалы, тағам құрамында сиыр сүтінің шектен тыс болуы, гельминтоздар, ішек
инфекциялары, ісіктер және басқалар) қан кетулер;
- ювенильді гормондық қайта құрылулар;
- токсикалық факторлар (қорғасын, сынап және басқалармен улану);
- айқын себебі анықталмайтын, себебі асқазаннан және он екі елі шектен сорылудың
бұзылуынан болатын эссенциальды (диопатиялық) себептер.
Темірді физиологиялық жоғалтумен қатар, кейбір төмендегі жағдайларда қосымша
көп мөлшерде жоғалтуда байқалу мүмкін: жасырын және айқын жоғалту; глисті инвазия-
лар; анасының жүктілік немесе босану кезінде қосымша қан жоғалтуы немесе шектен тыс
695


темірдің жойылуы; құрсақ ішілік немесе құрсақтан тыс кезеңде инфекциялардың байқа-
луы; баланың үздіксіз өсуі. Бұдан басқада темір жетіспеушілігнің себептері болу мүмкін:
темірдің эндогенді трансплацентарлық жетіспеуі (шала туылу, көп ұрықты жүктілік,
анасының жүктілік кезіндегі анемиясы, қан кетулер және аурулар, жүктілік токсикозы,
патологиялық босанулар мен босану кезінде қан кету және т.б.); темірдің тамақтануға
байланысты жетіспеушілігі (емшекпен тамақтандыру кезінде анасында анемияның байқа-
луы, қан кету, тамақтандырудың қосымша факторларын дер кезінде бермеу, бір жақты
дұрыс тамақтандырмау және т.б.). Анемияның бұл түрін алиментарлық анемия (А.Ф. Тур)
депте атайды, бірақ соңғы кезде бұл пікір көптеген қаламгерлермен қошталмайды.
Бұл себептердің қатарына темірді жұмсаудың қосымша өсуінде (жиі инфекциямен
науқастану немесе олардың ауыр дамуы) қосады. Ал, алиментарлық жетіспеушілікпен
қосарланса, ондай анемиялар алиментарлық-инфекциялық анемия депте аталады. Темірдің
сорылуының бұзылуыда анемияның себебі болуы мүмкін (асқазан-ішек жолдарының,
оның ішінде целиакия, муковисцидоз, энтеропатия, даму ақаулары сияқты арулардың
маңызы зор).
Инфекциялық аурулар тіндерде темірдің артық қорытылуына әкеледі, сондықтан
оларға емделгеннен кейін темір препараттарын тағайындау қажет. Адам организмінің 60%
темірі эритроциттерден, қалғаны миоглобинндерден және темірлі ферменттерден
алынады. Организмде темір қоры сүйек майы, бауыр, талақ (көк бауыр) болып есептеледі,
оларда темір ферритин және гемосидерин күйінде болады. 
6-айда және екінші жартыжылдықта (туылғанда темір қоры толық болғанда ) бала
организміне 1 мг\кг темір қажет, ал 1 литр ана сүтінде бар болғаны 0,5-0,6 мг темір
болады. Осыған байланысты 5-6 айда табиғи тамақтанатын мерзімінде туылған балада ,
шала туылған балада 3-4 айда темір жетіспеушілігі байқалады. Гемдік темірге қарағанда
бауырдағы ферритин мен гемосидириннің абсорбциясы мен ыдырауы шамалы жүреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1144   1145   1146   1147   1148   1149   1150   1151   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет