Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет620/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   616   617   618   619   620   621   622   623   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Омфалит.
 
Омфалит – кіндік айнасындағы тері және тері асты шел майы
қабатының қабынуы.
Қабыну процессіне байланысты катаральды, іріңді және
некроздық омфалиттер болып бөлінеді. Катаральды омфалит («суланған кіндік») –
кіндік жарасы ұзақ уақыт суланып, грануляциялармен (фунгус) жабылып, бетіне
серозды және серозды-іріңді бөліністер шығады. Жара беті бірнеше апта бойы
жазылады. Баланың жалпы-жағдайы қанағаттанарлық болып қала береді.
Еріңді омфалит кіндік және оның айналысындағы тіндерге тараған қабыну
процесімен сипатталады. Кіндік жарасынан іріңді бөліністер шығады. Кіндік айналасын-
дағы тері қызарып ісінеді, кіндік аймағы айқын бұлтияды. Алдыңғы іш қабырғасының
тамырлары кеңеюі тән, егер қабыну процессі кіндік тамырларына таралып, олар
тығыздалып, сипағанда кіндік сақинасының жоғары және төменгі жағынан жіңішке
жіпше тәрізденіп анықталады. Нәрестенің жалпы жағдайы нашарлап, дене қызуы
көтеріледі, тәбеті төмендейді, дене салмағының артуының қарқыны төмендеп немесе
тіптен тоқтап қалады. Шеткі қан анализінде қабыну процессінің белгілері айқын білінеді. 
Өліеттенген (некротикалық) омфалит сирек кездеседі, әдетте қорғаныстық қабілеті
төмен балаларда байқалады. Кіндік айналасындағы теріде қоңыр-көкшіл түстенеді.
Өліеттену терінің барлық қабаттарын қамтып, кейінірек өліеттену байқалуы мүмкін. Бұл
омфалиттің ең ауыр түрі, интоксикация бегілері айқын боладыда, көбіне сепсиске ауысып,
көпмүшелік жетіспеушілік анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   616   617   618   619   620   621   622   623   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет