Манифесті жедел түрі.
Аллергиялық диатез құбылысы бар ерте жастағы және
мектеп жасындағы балаларда кездеседі. Ауру ауыр басталады: нейротоксикоз және тыныс
жетіспеушілік белгілері болады. Өте қатты ентігіп, тыныс алу жиілігі минутына 80-100-ге
дейін жетеді, мұрын-ерін үшбұрышының, тырнақтардың цианозы, мазаланған кезде
генерализацияланған цианоз, танаудың кернеулігі, қабырға аралықтардың тартылуы
байқалады, қалтырайды, ал, кейінірек жиі және қинайтын жөтел пайда болады. Өкпеде
бірең-сараң тұрақсыз жоғары ырғақты құрғақ сырыл, сирек жағдайда крепитация,
бактериальды инфекция қосылған кезде, ылғалды сырыл естіледі.
Перкуссияланғанда, шартылдақ (тимпаникалық) дыбыс анықталып, өкпенің төменгі
шеттерінің төмендегені, жүректің салыстырмалы тұйықтығын шекарасының тарылғаны,
өкпе түбірінің кеңейтіндігі байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |