Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


-бап. Темекі шегушіліктің, алкоголизмнің профилактикасы және оны шектеу



Pdf көрінісі
бет86/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

159-бап. Темекі шегушіліктің, алкоголизмнің профилактикасы және оны шектеу
1. Темекі шегушіліктің, алкоголизмнің профилактикасы және оны шектеу халықтың
денсаулығын сақтауға, темекі, алкоголь өнімдерін сатып алуға құқылы адамдар үшін жас
мөлшерін шектеуді енгізу, темекі шегушілікке, алкогольді тұтынуға халықтың өмір мен
денсаулық үшін аса қауіпті фактор ретіндегі көзқарасын қалыптастыруға, темекі
шегушіліктің, алкоголизмнің таралуының профилактикасы жөнінде келісілген іс-шаралар
жүргізуге бағытталған.
2. Темекі бұйымдарын:
1) он сегіз жасқа дейінгі адамдарға сатуға және олардың сатуына;
2) темекі бұйымының ашық қорабынан немесе бір-бірлеп сатуға;
3) сатушының тікелей қатысуынсыз, сауда автоматтары, өзге де электрондық немесе
механикалық қондырғылар арқылы;
4) денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру,
спорттық және спорттық-техникалық құрылыстардың, стадиондардың ғимараттарында
және аумақтарында;
5) өнім сапасын растайтын тиісті құжаттарсыз;
6) акциздік таңбалармен немесе есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалаусыз;
7) егер темекі бұйымының қорабында жиырма сигареттен кем болса;
8) темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымының қаптамасына шайырлы
заттардың, никотиннің құрамы туралы, деңгейі туралы және кемінде үш зиянды қосынды
– жүйелік улар, канцерогендік және мутагендік заттар туралы мәліметтер енгізілмесе,
сатуға тыйым салынады. Темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымының қаптамасына
шайырлы заттардың, никотиннің құрамы туралы, деңгейі туралы және жүйелік улар,
канцерогендік және мутагендік заттар туралы мәліметтерді орналастыру тәртібін уәкілетті
орган белгілейді;
9) темекі бұйымының қорабына темекі шегушіліктің зияны туралы ескерту
енгізілмесе;
10) темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымының қаптамасына он сегіз жасқа
толмаған адамдарға сатуға тыйым салынғаны туралы жазба енгізілмесе;
11) темекі бұйымының қорабында, темекі бұйымының қаптамасында «құрамында
шайыр аз», «жеңіл», «өте жеңіл» немесе «жұмсақ» деген сөздер не басқаларымен
салыстырғанда темекі бұйымының зияны аз екені туралы жалған әсер қалдыратын өзге де,
оның ішінде шетел тілдерінде сөз тіркестері болса;
12) өзіне-өзі қызмет көрсету сөрелерінен;
13) басқа да тауарлармен жиынтық құрамда болса;
14) балалар ассортименті тауарларының саудасы жүзеге асырылатын сауда
ұйымдарының үй-жайларында сатуға тыйым салынады.
3. Темекі бұйымдарын сату жүзеге асырылатын орындардағы көрнекі жерде
мынадай: «Темекі бұйымдарын он сегіз жасқа дейінгі адамдарға сатуға және олардың
сатуына тыйым салынады.» деген мазмұндағы жазба, сондай-ақ темекі шегушіліктің
зияны туралы уәкілетті орган бекіткен ескерту орналастырылуға тиіс. 


4. Темекі бұйымдарының саудасын жүзеге асыратын адамдар жас шамасы сырт
келбе-тіне қарағанда он сегізден жасырақ көрінетін азаматтарға темекі бұйымдарын сату
кезінде:
1) сатып алушының шын мәніндегі жасын анықтау мақсатында жеке басын
куәландыратын құжатты көрсетуін талап етуге;
2) егер жеке басын куәландыратын құжат көрсетілмесе, темекі бұйымдарын сатудан
бас тартуға міндетті.
5. Темекі шегуге:
1) білім беру ұйымдарында, сондай-ақ кәмелетке толмаған адамдардың демалуына
арналған ұйымдарда;
2) денсаулық сақтау ұйымдарында;
3) қоғамдық тамақтану орындарында;
4) кинотеатрларда, театрларда, цирктерде, концерт, көру және көрме залдарында,
спорт ареналарында және көпшіліктің демалуына арналған басқа да жабық ғимараттарда,
соның ішінде түнгі клубтарда, дискотекаларда; 
5) мұражайларда, кітапханаларда және лекторийлерде;
6) жергілікті және алысқа қатынайтын поездардағы, әуе, теңіз және өзен көлігі кеме-
леріндегі белгіленбеген орындарда, сондай-ақ қалалық, қалааралық автобустардың,
маршруттық таксилердің және қалалық электр көлігінің салондарында;
7) әуежайлардың, темір жол, автомобиль және су вокзалдарының ғимараттарында;
8) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда;
9)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет