Кіші қан айналымының толысуымен дамитын туа болған жүрек ақаулары
Жүрек ақауларының бұл тобы үлкен екі бөлікке бөлінеді:
1.
Артерия өзегінің ашықтығы, қарынша және жүрекше аралық перденің мүкістігі,
атриовентикулярлық коммуникация.
2.
Эйзенменгер кешені, магистральды тамырлардың транспозициясы, жалпы
артериялық сабақ.
9.1.1. ҚАРЫНША АРАЛЫҚ ПЕРДЕНІҢ МҮКІСТІГІ
Балалар туа болған жүрек ақауының
/ТБЖА/ ең кең тараған түрі. Оның
жиілігі 11%-тен 23%-ке дейін артады. Мүкістікті негізгі екі түрге бөледі: жұқа жарғақша
(мембранозды) және бұлшық ет бөлігінде. Мүкістіктік мөлшеріне байланысты,
аортаның
мөлшеріне сәйкес болса – үлкен, аортаның мөлшерінен кем болса – кішкентай деп тағыда
екі топқа бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: |