Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


ҚОЛҚА САҒАСЫНЫҢ ТАРЫЛУЫ (ҚОЛҚАНЫҢ ТАРЫЛУЫ)



Pdf көрінісі
бет906/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   902   903   904   905   906   907   908   909   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

9.2.5. ҚОЛҚА САҒАСЫНЫҢ ТАРЫЛУЫ (ҚОЛҚАНЫҢ ТАРЫЛУЫ)
Ревматизмдегі аорта саңылауының тарылуы көбіне
қолқа қақпақтарының
жарамсыздығына
қосарланады.
Гемодинамикасы:
жармалардың бір-біріне жабысып қалуынан қанның аортаға
айдалуына қарсылық пайда болады да, сол қарынша гипертрофияланады. Жүрек
тамырларында қан айналуының бұзылуынан бұл ақауға дистрофиялық және
склеротикалық өзгерістер тән болып келеді.
Шағымдары
көпке дейін байқалмайды, тек ұйқы артериясына (күре тамырға)
тарайтын 2 тонның әлсіреуімен бірге байқалатын, оң жақтан екінші қабырға аралықтан
анықталатын қатқыл систолалық шу бірден-бір белгісі болады. Алғашқы шағымдар
миокардтың жарамсыздығының пайда болуымен байланысты болады да, ентігу
(алғашқыда денеге салмақ түскенде, содан кейін ұдайы байқалады), жүрек тұсының
ауыруы, басының айналуы және есінен тану (ми ишемиясына байланысты), жүрек соғуы
сияқты белгілері пайда болып, науқас үдейі түседі. Пульстің толықтығы төмендейді,
көбіне брадикардия байқалалды. Жүрек ұшының соққысының жоғары көтерілуі (сол
қарыншаның гипертрофиясының белгісі) көңіл аударады, жүрек шекарасы ұзақ уақыт
қалыпты болады немесе солға кеңейеді (көбіне орташа кеңейеді). Пальпациялағанда, оң
жақтан екінші қабырға аралықта діріл анықталады.
ЭКГ-да
қарынша гипертрофиясының белгілері, жүрек-қан айналу жетіспеушілігінде
миокард ишемиясы белгілері анықталады.
ФКГ-да
аорта тұсында жоғары жиілікті, ромб тәрізді, 1 тонмен байланысты, 2 тон
басталғанша бітетін систолалық шу тіркеледі, 2 тонның аорталық компоненті әлсірейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   902   903   904   905   906   907   908   909   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет