Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет112/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Жергілікті ем.
Науқас баланың дене қызуын қалыпты ұстау маңызды болып келеді. 
Таза, жұмсақ жаялықтармен (қатты жаңа жаялықтар нәрестенің терісін жаралайды) 
қамтамасыз ету өте қажет болып келеді. Бөлмедегі ауа күніне 4 рет желдендіріліп
бактерицидті шаммен залалсысдандырылып (сеанс кезінде баланың бетін жауып қояды) 
тұруы керек. 
Жалпы ем стафилодермиялардың орташа және ауыр түрлерінде антибакетриальды, 
инфузиялық, витаминотерапия түрінде жүргізіледі. Иммунитетті қалыптастыруға бағыш-
талған ем тағайындалады. Антибиотиктерден жартылай синтетикалық пенициллиндерге, 
цефалоспориндердің 2-3 ұрпақтарына көңіл аударады.
Іріңді аурулар байқалатын нәрестелерді емшек сүтімен, инфузиялық емді ескере 
отырып, тамақтандырды. Анасының емшегінен ірің шығатын болса, емшекті емізуге 
болмайды. 
Нәрестелердің өліетті (некротикалық) флегмонасы – нәрестелердің ең ауыр іріңді-
септикалық ауруларының бірі. Дерт терінің шамалы бөлегінде қолға, әдетте сипағанда 
қатты білінетін қызыл түсті дақтың пайда болуынан басталады. Оның болашақта дамуын
4 сатыға бөледі: 
Алғашқы сатысы (жедел қабынулы процесс) 
бірнеше сағаттың ішінде, тез 
дамуымен, зақымдалу ошағының таралып, айтарлықтай үлкен болуымен
 
сипатталады.
Тері асты шел майының зақымдалуы қарқыны (іріңді қабыну) терінің өзгеру қарқынынан 
әдетте, басым келеді. Бұған тері асты шел майының лимфа тамырларына, кең лимфа 
қуыстарына бай болуы ықпалын тигізеді. 
Альтернативті-некротикалық сатысы
аурудың басталуынан 1-1,5 күн өткеннен 
кейін, терінің зақымдалған аймағы ашық қоңыр-көкшіл түске еніп, ортасында жұмсарған 
кіндіктің пайда болады. Кейде зақымдалған жерді сипағанда сау теріден зақымдалған 
аймаққа ауысар жерде ойық (минус– тін) байқалады. Кей жағдайларда терінің өліеттенген 
тіндерінің түсіп қалып, орнына жаралық мүкістік пайда болып, оның қуысына іріңдер 
жиналады.
Реперация сатысында
грануляция дамып, жараның бетінде эпителизация жүредіде, 
тыртық пайда болады. Бұл аурудың дамуы көбіне, әдетте ІІ сатысында қосарланатын, 
интоксикациямен жүреді. Қызба, құсу, диспепсиялық көріністер тән болып келеді. Метас-
тикалық инфекция ошақтары байқалса, оны сепсистің белгісі ретінде қарастыру керек. 


208 
103 сурет
. Нәрестенің өліетті флегмонасы 
Псеводофурункулез (терінің көптеген іріңдіктері). Қабыну процессі тер бездерінің 
шығрушы өзектерінде дамиды, бұл өзектер жаңа туған нәрестелерде және өмірінің бірінші 
ойларындағы сәбілерде біршама кең болады. Әуелде шүйдеде, арқада, жамбаста және 
басқа да жерлерде көлемі біршақтан орман жаңғағына дейін жететін көкшіл-күңгірт түсті 
түйіндер пайда болады (инфильтрация сатысы). Қабыну ошағының ортасында флюктуа-
ция жасыл дамиды, түсті қою ірің бөлінеді. Қабыну ошағы жазылғанда, орнында тыртық 
қалады. Көптеген мөлшердегі іріндіктер балада жалпы бұзылыстарда шақырады: жоғары 
дене қызуы, селкостық, дистрофиялық көріністер. Ауру ұзақ, толқын тәрізді өтуі мүмкін. 
Псевдофурункулез еміне жалпы және жергілікті ем кіреді. Жергілікті ем ауру 
ағымына байланысты: инфильтрацияда – Вишневский немесе ихтиол мазімен, немесе 
алоямен байламдар; флюктуацияда – хирургиялық тілік жасалып, натрий хлоридінің
гипертониялық ерітіндісі немесе стафилококкты бактериофагымен байлам таңу 
қолданылады. 
Омфалит. 
Омфалит – кіндік айнасындағы тері және тері асты шел майы 
қабатының қабынуы.
Қабыну процессіне байланысты катаральды, іріңді және некроздық 
омфалиттер болып бөлінеді. Катаральды омфалит («суланған кіндік») – кіндік жарасы ұзақ 
уақыт суланып, грануляциялармен (фунгус) жабылып, бетіне серозды және серозды-іріңді 
бөліністер шығады. Жара беті бірнеше апта бойы жазылады. Баланың жалпы-жағдайы 
қанағаттанарлық болып қала береді. 
Еріңді омфалит кіндік және оның айналысындағы тіндерге тараған қабыну
процесімен сипатталады. Кіндік жарасынан іріңді бөліністер шығады. Кіндік айналасын-
дағы тері қызарып ісінеді, кіндік аймағы айқын бұлтияды. Алдыңғы іш қабырғасының 
тамырлары кеңеюі тән, егер қабыну процессі кіндік тамырларына таралып, олар 
тығыздалып, сипағанда кіндік сақинасының жоғары және төменгі жағынан жіңішке 
жіпше тәрізденіп анықталады. Нәрестенің жалпы жағдайы нашарлап, дене қызуы 
көтеріледі, тәбеті төмендейді, дене салмағының артуының қарқыны төмендеп немесе 
тіптен тоқтап қалады. Шеткі қан анализінде қабыну процессінің белгілері айқын білінеді.
Өліеттенген (некротикалық) омфалит сирек кездеседі, әдетте қорғаныстық қабілеті 
төмен балаларда байқалады. Кіндік айналасындағы теріде қоңыр-көкшіл түстенеді. 
Өліеттену терінің барлық қабаттарын қамтып, кейінірек өліеттену байқалуы мүмкін. Бұл 
омфалиттің ең ауыр түрі, интоксикация бегілері айқын боладыда, көбіне сепсиске ауысып, 
көпмүшелік жетіспеушілік анықталады.
Емі.
Кіндік қалдығын сутектің тотыққан 3% ертіндісімен, 70% спиртпен, калий пер-
манганат 5% ертіндісімен өңдейді. Жарадан бөлінді көп болатын болса – гипертониялық 
ертінділермен немесе физиологиялық ертіндімен таңғыш салады. Жергілікті ем ретінде 


209 
стафилококкты бактериофаг қолданылады. Жалпы жағдайы ауырлап, инфекциялық
процесс жайылмалы сипат алғанда, жалпы ем жүргізіледі (сепсисті қара).
2.4.9. БАЛАЛАР СЕПСИСІ 
Біздің елімізде соңғы жылдары сепсис диагнозы сирек қойылатын болды. Бұның 
себебі әртүрлі. Тіптен кейбір жылдық есептерде сепсистен өлім пайызы тіптен 
көрсетілмесе, сепсиспен ауыршаңдық деген ұғым жойылып кеткен. Біздің клиника 
бойынша ресми ақпарат сепсистен өлім көрсеткіші 5% құраса, шет елдік мәліметтерде 
бұл көрсеткіш 25%-ға дейін барады. Яғни, бұл мәселенің маңыздылығы күн тәртібінен 
түскен емес, түспекте емес. 
Сепсис – ежелгі заманнан бастап белгілі ауру. Ол туралы Гиппократтың, Галеннің,
Ибн Синаның және басқа медицина классиктерінің еңбектерінде жазылған. Ол қызбамен 
және «қанның іріңдеуі» көріністерімен білінетін өмірге қауіпті жағдай деп көрсетілген, 
және ауырлығына байланысты құтыру және летаргия ауруларымен ажырату 
диагностикасын жүргізу ұсынылған. 
Микроорганизмдер туралы ілім пайда болған соң, ұзақ жылдар бойы сепсистің бак-
териологиялық концепциясы басты роль атқарды, тек ХХ ғ. ортасында И.В. Давыдовский 
сепсистің макробиологиялық проблема екенін анықтады, бірінші орынға ауру организмнің 
жағдайы шықты. Осы уақытқа дейін қазіргі заманғы халықаралық жіктеліс бойынша 
«сепсис» диагнозын қою үшін және осы дерт ағымының ауырлық дәрежесін анықтау үшін 
макроорганизмнің негізгі клиникалық көріністеріне көңіл аударады. 
Сепсистің негізгі ерекшелігін И.В. Давыдовский «Кез келген микрофлора» әсерінен 
септикалық процесс дамуы мүмкін деп есептеді және сепсисті «кез келген микрофлора 
әсерінен дамитын ағзадағы механизмдер реакциясының ерекше түрі» деп қарастырды. 
Яғни, «макробиологиялық проблема» деген сепсистің концепциясын И.В. Давыдовский 
жасады. 
Сепсис патогенезінің маңызды ролі А.Ф. Билибин бойынша ауыр инфекциялық 
процесс фонында дамитын науқастың эндогенді аутофлорасының «патологиялық», 
негізінен ішек микрофлорасының, пролиферациясы болып келеді. 
Сепсис патогенді флорамен шақырылған, кез келген жерде орналасатын инфекция-
лық ауру түрінде қарау керек деп ұсынылған, оның патогенезінің негізінде инфекиялық 
қабыну ошағына қарсы жауап ретінде жүйелі қабыну реакциясы синдромының дамуы 
жатады деп есептелінеді. 
Келістіру конференциясының ұсынысы бойынша организмнің инфекцияның, ауыр 
жарақаттың, күйіктердің, жедел деструктивті панкреатиттің және тіндерді зақымдайтын 
басқа ауыр факторлардың әсерінен дамыған қабынуға қарсы ауыр реакциясын қабынуға 
қарсы жүйелі жауап (реакция) синдромы деп атау ұсынылған (Systemic intlammalore 
Respons Sendrome – SIRS). Бұл синдромды «жүйелі қабыну» түрінде қабылдамау керек. 
Жалпы патологияда мұндай түсінік жоқ. 
Қабынуға қарсы әсер соңғысының ауырлығына байланысты жергілікті немесе жүйелі 
және белгілі бір жүйелер мен мүшелер функциясының бұзылуымен сипатталатын жалпы 
әсерге бөлінеді. Қалыпты жағдайларда арнайы емес шынайы иммунды механизмдер ин-
фекциядан тиісті (адекватты) жергілікті қорғанысты қамтамасыз етеді, қабынуды шектей-
ді, қабыну медиаторларының артық өнуін шектейді, қабынуға қарсы жауап ретіне өмірге 
маңызды мүшелердің ауыр жалпы (жүйелі) реакциясының дамуына кедергі жасайды. 
Шынайы қорғаныс механизмдері: 
1. Қабынуға қарсы жауап ретінде организмдегі гемодинамикалық және метаболикалық 
бұзылыстарды, жарақатты, организмде өмір сүруге қабілеті жоқ тіндердің болуын 
реттейтін ОНЖ, симпатикалық және нейроэндокриндік жүйелердің реакциясы. 


210 
2. Шынайы арнамалы емес иммунды реакциялар, оларға хемотаксис, опсонизация, 
фагоцитоз, комплемент белсенділігі, иммуноглобулиндер, гистамин, серотонин, 
простагландиндер және тағы басқаларының өнімдері жатады. 
3. Жасушалардың өндірілетін қабыну медиаторлары (цитокиндер), молекулярлық 
биология мен молекулярлық генетиканың жетістіктеріне байланысты салыстырмалы 
жақында ашылған клеткалар. 
Цитокин жүйесі басқа клеткаларға әсерімен біріккен 5 класстан тұрады. 
1) Интерлейкиндер: 
а) проқабынулы (ИЛ1) интерлейкиндер 
б) антиқабынулы (ИЛ 4, 10,11,13, ИЛ-ра және т.б.) интерлейкиндер 
2) Ісік некрозының факторы (ІНФ); 
3) Лимфоциттер жіктеліуі мен өсу факторы; 
4) Макрофагтар мен гранулоциттер колониясының өсуін тұрақтандыратын фактор; 
5) Мезенхималы клеткалардың өсуін шақыратын фактор; 
Цитокиндердің өндірілуі организмнің жағдайына байланысты. Қалыпты жағдайда 
олардың секрециясы өте аз, олар өздері өндірген клеткалардың өзара әсерлесуін және 
басқа қабыну медиаторларымен әсерлесуін қамтамасыз етуге арналған. Оларды өндіретін 
қабыну кезінде олардың саны тез өседі. 
Цитокиндер өндіретін клеткалардың шектен тыс белсенділігі интерлейкиннің және 
қабынудың басқа медиаторларының шектен тыс бөлінуіне алып келуі мүмкін. Осыған 
байланысты организмнің қабынуға қарсы реакциясы (жауап жүйелі мәнге ие болады) 
қабынуға қарсы жүйелі жауап (реакция ) синдромы дамиды. Бұл цитокиндер өнімі. 
 
Этиологияғы қатысты шартты-патогенді флораның басты рольді атқаратынын 
мойындау керек. Дегенмен, Н.П. Шабаловпен де келіспеуге болмайды, ол өзінің ұстазы 
А.Ф. Турдың түсінігін келтіреді, «жалпылама қарағанда, сепсис әртүрлі таяқшалармен, 
гонококктарменде шақырылуы мүмкін, ал жекелеп саралап қарағанда – шартты-патогенді 
флорамен шақырылады». 
Педиатриялық практикада инфекцияның пайда болу уақыты мен жағдайының (бала 
туылғанға дейін туғаннан кейін, ауруханадан тыс, ауруханалық, иммуножетіспеушілік 
немесе гестациялық жетілмеушілік фонында), ену қақпасының таралуының (біріншілік 
септикалық ошақтың), аурудың клиникалық ерекшеліктері мен этиологиясы арасында 
белгілі бір байланыс бар. Сондықтан, мақсатты түрде бұл параметрлерді аурудың 
жіктемесінде есепке алу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет