Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет121/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Хондродистрофия 
– туа біткен ауру, сіңірдің ыдырау аймағының жойылуы. 
Доминантты жолмен тұқым қуалайды. Аурудың клиникалық көрінісі ерте жастағы 
балаларға қате диагноз қоюға себеп болуы мүмкін. Бұл балалардың басы үлкен болып 
келедіде, еңбегі кеш жабылады, маңдайы мен шекесінің томпаюы, ішінің үлкеюі, лордоз, 
статикалық функциясының тежелуі байқалады. Сонымен қатар, мешелге тән емес 
белгілеріде болады: аяқ-қолдарының, саусақтарының «үш тісті айыр» тәрізденіп, қол 
басының қысқаруы, қол басының буындарында қыртыстар байқалады. Тек рентгендік 
зерттеу арқылы ғана мешелден ажыратуға болады. Бұл ауруда мешелге тән түтікті 
сүйектердегі эпифиз бен метафиздегі өзгерістер болмайды, бірақ бұл сүйектердің 
қысқарып, сыртқы қабының қалыңдағаны байқалады. Қанда рахитке тән биохимиялық 
өзгерістер анықталмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет