311
- респираторлық инфекциялар;
- мукоцилярлы клиренсті бұзатын экологиялық ауаның ластануы.
Зақымдалудың патохимиялық сатысы көздің, тыныс жолдарының гистаминның және
басқа биогендік аминдердің шығуымен «мес» клеткалардың дегрануляциясы байқалады.
Көптеген ауруларда поллиноздың патогенезінде белсенді рөльді иммундық кешендерде
алады.
Клиникалық көрінісі.
Поллиноздың клиникалық белгілері пайда болу үшін тозаң ал-
лергендерінің 2-3 мезгіл бойына ісер етуі керек. Бірақ, 6-айлық балаларда да бұл аурудың
болатыны суреттелген. Аурулардың көбі мектепке дейінгі және ерте мектеп жасы кезінде
басталады. Поллиноздың өзіне ең тән көрінісі – риноконъюктивалды синдром, яғни көз
Бен жоғары тыныс жолдарының клегей қабатының бір мезгілде зақымдануы. Алдымен
көздің ішкі бұрышында қышу және ащу сезімі пайда болады, көзде бөгде дене бар сезімі
пайда болып, содан кейін жас ағу, жарықтан қорқу анықталып, коъютивалардың гипере-
миясы, цилиарлы тамырлардың кеңеюі, қабағының ісінуі байқалады. Көбіне екі көзде
зақымдалады, бірақ зақымдалу дәрежесі әртүрлі болуы мүмкін. Конъюктивит бірге ринит,
мұрын және мұрынжұтқыншақ аймағының қатты қышуы, ауыр түшкіру ұстамасы (10-20
түшкіру бірден, онымен бірге назокраниальды рефлекстің активтелінуіне байланысты жас
ағу болады) мұрнынан сұйық сұйықтықтың ағуы (ринорея) нремесе мұрынның толық
бітеліп қалу ұстамасы; қуыстар тұсында басу сезімі және ауырсыну байқалады.
Пиорея еріннің үстінің және мұрын қанатарынң тітіркенуінің пайда болуына әкеледі.
Құлағында, бітеліп қалған қуыстардан ортаңғы құлаққа ауаның сорылуына байланысты
теріс қысымның даму нәтижесінде, ваакумды типтес ауырсыну пайда болады. Науқастар
шайнаған кезде құлақта тырсылдардың байқалуына, естудің төмендеуіне шағымданады.
Поллинозбен ауыратын балалардың, көп мөлшерде клегей жұтатын болғандықтан, тәбеті
төмендеп, жүрегі айныйды. Поллинозбен ауыратын балаларда жаңбыр жауған кезде оның
клиникалық белгілері азайып, жойылып кетуге дейін барады, себебі жаңбырмен бірге
тозаңдар жерге түсіп, басылады. Поллинозбен ауырған балалардың 30%-да тозаңдық
бронхиальдық астма; 14%-да атопиялық дерматит; 20%-да астеновегетативті синдром;
3%-да сирек зақымдалулар (васкулиттер, нефротикалық синдром, мұрнынан қан кету)
анықталады. Поллиноз кейде қилысқан аллергиялық реакциялардың болуына байланысты
тағамдық аллергиямен қосарланып байқалады.
Диагноз
көктем-жаз мезгілінде аурудың клиникалық белгілеріне негізделіп
қойылады. Риноскопияда мұрын клегей қабатының бозғылт немесе көкшіл түсі
анықталады, төменгі мұрын қуысының үлкеюі байқалад. Поллиноздың клиникалық-
анамнестикалық белгілерінің болуы аллергологиялық зерттеу (гүлдеу кезеңінен тыс кезде
жүргізіледі) жүргізу үшін негіз болады. Түзілетін жеріне қарамастан аллергенарнамалы Ig
E- антиденелер теріде, мұрын клегей қабаттарында және аурулар сарысуында біркелкі
орналасатын болғандықттан терілік скарификациялық сынамаларды және прик-тестер,
эндоназалды немесе конъютивальды қозыду сынамаларын (көрсеткіштері болса) қояды,
жалпы және арнамалы Ig E- ді анықтайды. Қозу кеінде мұрын секретінің жағындысында
көп мөлшерде (12% және оданда артық) анықталады.
Емі.
Тозаңның эллиминациясы мүмкін емес. Барлық аллергиялық ауруларды, соның
ішінде поллинозды емдеуде антигистаминдік дәрілерді
Достарыңызбен бөлісу: