Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет42/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Ентігу түрлері.
Инспираторлы ентігу. 
Жоғары 
тыныс 
жолдары 
обструкциясында 
болады (круп, бөгде дене, ісік, туа болған көмей 
ақаулары, кеңірдек, бронх тарылуы, көмей 
артындағы абсцесс). 
Шик 
ентігуі. 
Экспираторлы 
ентігу 
туберкулезді инфильтраттар мен өкпе түбіріндегі, 
кеңірдек пен бронхтардың төменгі жағындағы 
лимфа түйіндеріне байланысты, тек тыныс 
шығарғанда ауа еркін, бос өтеді. 
Экспираторлы ентігу. Кеуде қуысы жоғары 
көтеріліп, тыныс алуға қатынаспайды. Керісінше, 
іштің тік еттері тартылып тұрады. Тынысты баяу 
шығарады, кейде ысқырып естіледі. Бронхиальды астмада, бронхтар басылып қалғанда 
байқалады. 
Аралас ентігу. Экспираторлы-инспираторлы ентігу. Кеуде қуысы көтеріліп, жұмсақ 
жерлері тартылады. Ол бронхиолит және пневмонияда кездеседі. Стенозды тыныста 
жоғары тыныс жолдарымен ауаның жүруі қиындайды (круп, ісік). 
Дем алу ырғағы (ритмі). Дем алу ырғағының өзгеруі балалардың 10%-ында дене 
шынықтыру жаттығулары кезінде, жылағанда байқалады. Сонымен қатар, сирек дем алу 
(брадипноэ) байқалады. 
ТЫНЫС ЫРҒАҒЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ 
Биот тынысы – тыныс қозғалыстары ырғақты, бірак терең, белгілі бір уақытта, бірнеше 
секундтан жарты минутқа дейінгі аралықта қайталанып отырады. Менингит, агониялық 
жағдайларда, ми қан айналысы бұзылғанда кездеседі.
Чейн-Стокс тынысы – ұзак (бірнеше секундтан 1 минутқа дейінгі) үзілістен кейін 
алдымен шусыз тайыз (беткі) дем алыс пайда болады да, тез күшейіп шу пайда болады. 5–
7 рет дем алғаннан кейін сол қалыпта, ретте қайтып келесі қысқа үзіліске ұласады 
.
«Гроктың толқынды тынысы» – Чейн-Стокс тынысына аздап ұқсас, бұнда үзілістің 
орнына тайыз (беткі) тыныс пайда болады
.
Куусмаул тынысы бала анда-санда бір терең шулы дем алады. Терең комада 
кездеседі. Екі қолымен, яғни тексеріп отырған кеуденің бөлігіне алақанды екі жағынан 
симметриялы қойып иілгіштігі мен серпінділігін (резистенттілігің) анықтайды (56-сурет)
.
Ол үшін кеуде қуысын алдынан артына қарай немесе екі жағынан қысып басып, тексереді 
немесе жартылай бүгілген саусақтармен итеріп қарайды. Сипағанда кеуде қуысы ауырады. 
Сипау арқылы кеуденің симметриялы бөліктерінің тері қыртысының қалыңдығында 
анықтайды.
 
54 сурет.
Жаңа туылған баланың 
тыныс жиілігін фонендоскоптың 
көмегімен санау 


99 
Ол үшін бұғана асты немесе жауырын асты аймағынан сұқ және үлкен саусақпен 
теріні екі жағынан бір мезгілде жиып алып, салыстырып қалыңдығы (әдетте бірдей болуы 
керек) өлшенеді. Пальпациялап беткі тіндердің (ет, нерв, сүйектің зақымдалуы) және
плевралық ауырсынуларды анықтайды.
Беткі ауырсыну жұмсақ тіндер және қабырғалық бұлшық еттер қабынғанда 
байқалады. 
Қабырғалар мен төс мертіккенде (сыпағанда – сықыр естіледі), сүйек қабығы 
қабынғанда сол жер ісініп, беті тегіс болмайды. Бұл жерлер лейкоз және басқа қан 
ауруларында ауырғыш келеді. 
Қабырға аралық нервтердің ауруларының 3 ауру нүктесі болады (омыртқада, қолтық 
сызығында, төсте). 
Плевральды ауырсыну дем алғанда күшейеді, егер кеуде қуысын басса, азаяды 
(өкпенің қозғалуы азаяды) және бір өзгешелігі – дене ауру жағына қисайғанда азаяды (ал 
неврологиялық ауырсынуда күшееді). 
Тері қыртысы экссудативті, әсіресе, іріңді, плевритте, туберкулезді бронхоаденитте 
қалыңдайды. Яғни, терінің иннервациясы, трофикасы бұзылады да ісінеді, лимфа және 
гемостаз пайда болады, веналык тарамдар іске қосылады. 
Дауыс дірілін анықтау. Науқастың кеудесіне екі жағынан симметриялы етіп қолды 
қояды 
(57 сурет). 
Бала дауысты дірілдететін дыбысы бар сөз айтуы керек (дауысты 
дыбысы көп және «р» әрпі бар, мысалы трактор т.б.). Дұрыс калыпты жағдайда дауыс 
дірілі екі жағынан да бірдей болуы керек.
Кішкене балаларда дауыс дірілін анықтауды бала жылаған немесе айқайлаған кезде 
дауыс желбезегінен бронх және бронхиолдар қабырғалары бойынша кеуде бетіне 
берілетін дауыс тербелісін анықтау арқылы жүргізіледі.
Дауыс дірілінің күшеюі өкпенің қатаюына, өкпеде қуыстар пайда болуына 
байланысты болады. Ал, бронх бітелгенде (өкпе ателектазы), экссудатта, пневмоторакста, 
плевра ісігінде, яғни кеуде қуысының қабырғасынан бронхты ығыстырғанда, дауыс дірілі 
әлсірейді. 
Перкуссия. Перкуссия тәсілі соққыдан пайда болатын дене қозғалысының тербеліс 
толқындарын туғызуына негізделген. Ал, тербеліс толқындары белгілі бір амплитудада, 
жілікте және ұзындықта дыбыс болып қабылданады. Дыбыс биіктігі тербеліс жиілігіне 
байланысты. Тербеліс жиілігі мүшелердің тығыздығына тікелей байланысты
56 сурет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет