Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет165/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

С, В дәрумендері;
9.
Литикалық қоспа; 
10. 
Гормонотерапия:
преднизолон 2-3-5 мг/кг, Дексеметазон 0,6 – 1-2 мг/кг тағайында-
лады; 
11. 
Ацидозды қалыптастыру

12.
Жүрек гликозидтері, калий хлориді. 
ТІШҰ- синдромын емдеу. 
1. Тиісті антибакериалды этиотропты ем жүргізіп, этиологиялық факторды жоюға әрекет 
ету керек. Дегенмен, кейбір антибиотиктердің (ристомицин, амингликозидтер) 
тромбоциттердің агрегациясын артырса, қайсыбірінің (ампициллин, карбипенициллин, 
цефалоспориндер) оны төмендететінін естен шығармау керек; 
2. Тез арада шоктан және басқа жедел циркуляторлық бұзылыстардан шығаруға, 
гиповолемияны жоюға, айналымдағы қан мөлшерін (АҚМ) қалыптаструға 
бағышталған шаралар қолдану керек. Инфузиялық ем және сілтілі ертінділер қолдану 


281 
барысында электролиттік және метаболикалық бұзылыстарды қалыптастыруға әрекет 
жасайды; 
3. Бір уақытта дезагрегациялық, антикоагуляциялық, фибринолитикалық және орнын 
басу емін жүргізу базисті (негізгі) емнің ерекшелігі болып табылады. «Жеңіл» 
(антигистаминді дәрілер: пипольфен, димедрол; вазодиляторлар: но-шпа, папаверин, 
эуфиллин, новокаин) және айқындау (курантил, трентал, дроперидол) әсерлі 
дезагреганттар қолданылады.
Реополиглюкин – бір реттік дозасы 10 мл/кг, қайталауға болады, кейде альбуминде 
қолдануға болады. 
Антикоагулянттік әсер үшін 150-200 бірлік/кг (тәулігіне) көктамырға, кіндік 
маңының терісі ішіне гепарин қолданылады. Нәрестелерге тілінің астына қолдануға 
болады. Бұлшықетке және терістына енгізудің тиімділігі аздау болып келеді. Тәулігіне 4 
реттен аз енгізілмеу керек.
ТІШҰ-дың ІІ-ші сатысында гепарин мөлшері 300-400 бірлік/кг/тәулік дейін көбей-
теді. ІІІ-ші сатысында – гепарин мөлшерін 75-100 бірлік/кг/тәулік дейін төмендетеді.
IV-сатысында нәтижеге жеткеннен және науқастың жағдйы жақсарғаннан кейін гепа-
ринді бірден алып тастамау керек, өйткені гиперкоагуляция дамып кетуі мүмкін. Біртіндеп 
азайтып, 2-3 күнде алып тастау керек. Таңдаудың дұрыстығы Ли-Уайт бойынша қан ағу 
уақытының алғашқы көрсеткіштен 2-3 есе, 20 минуттан артық емес, артуын қадағалау 
арқылы жүргізіледі. Егер қан ағу уақыты ұзармаса, гепариннің дозасы көтеріледі. 
Фибринолитикалық әсер алу үшін никотин қышқылы және оның қосымшалары 
(никошпан) қолданылады. ІІ-ші сатысында плазмалық коагуляциялық факторларды 
қалыптастыру үшін тікелей донордан қан (5 мг/кг немесе фибриноген 0,3-0,05 г) құяды. 
ІІІ-ші сатыда бактериялық инфекцияның әсерінен айтарлықтай протеолиз пайда 
болғанда, бұл кешенге ферменттер ингибиторларын (контрикал, трасилол, гордокс) 
тағайындау тиімді болып келеді. Жаңа қатырылған (-30
о
) плазма 37
о
дейін қыздырылып, 
қосымша гепарин дозасын қосып, енгізіледі. 
Жергілікті гемостаз үшін тромбинмен, дицинонмен, 5% аминокапрон қышқылымен,
фибринді жұқалтырмен (пленкамен) таңба жасайды. 
Инфекциялық-токсикалық шокта көрсетілетін шұғыл көмек. Жүрегіне қан келуін 
жақсарту үшін баланы шалқасынан салып, аяқтарын жоғары көтереді. Аяғына, қолына 
жылытқыш қойып, таза ауамен дем алуын қамтамасыз етеді, оттегімен демалдырады. 
Айналымдағы қан мөлшерін қалыптастыру үшін көктамырға плазманы (10-15 мл/кг) 
немесе төмен молекулярлы плазманы ауыстырушылардың бірін (1-20 мл/кг) тамшылатып,
бір сағат бойына жібереді.
Шеткі тамырлар тонусын қалыптастыру үшін, плазманы алмастырушылардан кейін 
теріастына (көктамырға тамшылатып жіберугеде болады) норадреналин гидрохлоридін 
(0,1-0,75) салады. Кофеин (10 немесе 20% ертінді, 0,055-0,035 мл/кг), Мезатон (1% ертінді, 
0,03-0,015 мл/кг) қолдануғада болады. Бұлшықетке немесе көктамырға преднизалон (3-5 
мг/кг) немесе дексаметазон (0,6-1-2 мг/кг) немесе гидрокартизон (5-10 мг/кг) қолданыла-
ды. Шоктан толық шығару үшін инфузиялық ем тиімді нәтиже алу жалғастыра (минутына 
10-12 тамшы) береді. Сұйықтықтың 1/2 каллоидты ертінділерден, 1/4 10% глюкозадан, 1/4 
тұзды ертінділерден тұрады. 5 г құрғақ глюкозаға 1 бірлік инсулин қосылады. Әлсіздік 
толық жойылғанша 2-5 тамшыдан кофеин немесе кордиамин немесе коразол беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет