302
Эпидермальді аллергендер көзіне жүн, түбіт, қауырсын, қайызғақ, қи, түрлі
хайуандардың май бездерінің бөлінісі (мысық, ит, құс, қоян, жылқы, қой және т.б) жатады.
Тозаңдық аллергия
туралы тиісті бөлімді қара.
Саңырауқұлақ аллергиясы жиі кездесуі олардың табиғатта көп кездесуі. Олардың
споралары кішкентай және үлкен аумақты қамтиды. Саңырауқұлақ аллергендерінің
сыртқы көздері: қи, түскен жапырақтар, шаруашылық, құс, жануар фермалары,
микробиологиялық, фармакологиялық, тағамдық өндірістер. Балаларда аллергия дамуына
қолайлы жағдай – нашар тұрмыс жағдайы; пәтер қабырғаларының жарықтары, жертөле
(подвал) сулары. Сонымен қатар саңырауқұлақ аллергендерінің көп мөлшері бөлме
өсімдіктерінің топырақтарында, кондиционерлерде, үй жануарларының торларында
болады. Alternaria және Cladosporuim туыстығы саңырауқұлақтарына сезімталдық спора
түзу кезінде (жиі наурыз айынан бірінші аязға дейін) өршитіні белгілі. Aspergillus және
Mucor тұқымдастығы саңырауқұлақтары ылғалды тұрғын мекендерінде спора түзуге
бейім, сондықтан олар жылдың барлық уақытында кездеседі.
Кейбір дәрілік препараттар респираторлы аллергияны өршітуі мүмкін. Оларға
пенициллин тобының антибиотиктері, сульфаниламидтер, витаминдер, аспирин және
стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер жатады. Аллергияның асқынуы тек осы
препараттарды қолданғаннан ғана емес, қоршаған ортаның ластауынан болуы да мүмкін.
Тағамдық аллергендер ингаляциялыққа қарағанда, респираторлы аллергоздарды
сирек туғызады, дегенмен, олардың кіші формалары (аллергиялық ринит, қайталамалы
ларингит) мен бронхиальды демікпе, экзогенді аллергиялық альвеолит туындатуы
мүмкін екені белгілі.
Респираторлы аллергияға сезімталдықтың жастық эволюциясы тән: ерте жастағы
балаларда тағамдық аллергия, 3-5жаста тұрмыстық, мектеп жасында тозаңдық
аллергиялар қосылады.
Патогенезі.
Респираторлы аллергоздардың иммунопатологиялық, патобиохимия-
лық фазалары балалар аллергиялық ауруларымен бірдей. Кілегей қабаттардың ісінуі мен
гиперсекрециясымен қатар биологиялық белсенді медиаторлардың афферентті жүйке
талшықтарын тітіркендіруі түшкіру, жөтел шақырады. Атопиялық реакцияның жедел
фазасы 30-40 минутқа созылады. Кешіккен реакция (соңғы фазаның реакциясы)
жасушалардың жоғары тыныс жолдарының кілегейінің инфильтрациясына әкеледі, ол
кілегей қабаттың аллергиялық қабынуына әкеледі, ал, ол болса, респираторлы
аллергоздар мен бронх демікпесі дамуындағы басты патогенетикалық механизм.
Созылмалы аллергиялық қабыну тыныс жолдарының гиперреактивтілігіне әкеледі. Ол
клиникада антигендік емес факторлары (салқын ауа, физикалық жүктеме, өткір иіс және
т.б) әсер еткенде түшкірумен, ринореямен, мұрын бітуімен, жөтелмен көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: