Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет187/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Болжамы 
қолайлы, тек анафилактикалық шок болғанда бала өміріне қауіп тууы 
мүмкін.
Алдын-алу
құрсақішілік сенсибилизация қаупін төмендетуден басталады. Жүкті 
әйелдердің рационынан облигатты аллергендер мен өндірістік консервілінген 
тағамдарды алып тастау керек. Олар тек ТА тудырып қоймайды, сонымен қатар 
ұрыққада зиян. Сиыр сүтін шектеп, орнына сүтқышқылды өнімдерді қолдану керек.
Профилактиканың екінші жолы жаңа туған нәрестелерді өмірінің алғашқы 
жылдары аллрегендерден қорғау болып табылады. Жүкті әйелдер қолданатын диета бала 
емізетін аналар үшін де міндетті. Нәрестеге анасының емшегін мүмкіндігінше ерте беру
(туғаннан кейін 30 минут) өте маңызды. Табиғи тамақтанатын балаларда жасанды 
тамақтанатын балаларға қарағанда ТА сирек кездеседі. ТА дамуы мүмкін қауіпті 
топтағы балаларға қосымша тамақты кейінірек берген жөн. ТА бар балаларда алдын ала 
екпелерді антигистаминді дәрілер қолданып, дайындау кезеңінен өткеннен кейін жүргізу 
керек. 
8.3.
П О Л Л И Н О З 
Поллиноз (лат. pollen, pollinis – шаңдар) 
атопиялық арудың нағыз көрнекті 
мысалы.
Көне атауы – поллиноз (аллергиялық) қызбасы.
Этиологиясы.
Өсімдік шаңдарының аллергендерін аэроаллергендерге жатқызады.
Жер бетіндегі мыңдаған өсімдіктер ішінен 50-уі шаң өндіреді. Олар поллиноздың 
туындауына себепкер болады. Сенсибилизация желге тозаңданатын өсімдіктердің ер 
жынысты элементтерінен туындайды. Шаңның бұл түрлерінің дәндері дөңгелек пішінді
және 35мкм-ден аспайды. 
Аллергендік өсімдіктердің негізгі 3 тобы бар: 
- ағаш; 
- дәнді өсімдіктер; 
- арамшөптер.
Шаңдық аллергия ертеңгі көктем кезінде (сәуір-мамыр айларында) ағаш шаңдары 
өте жиі кездеседі: қайыңжаңғақ, қайың, жаңғақ, қандағаш, қарағай, терек, үйеңкі және т.б. 
Тозаңның концентрациясының жаздың екінші кезі (маусым-тамыз) астық 
тұқымдастрдың гүлденуімен байланысты: қоңырбас (қоңырот), бидайық, арпабас, 
сұлылар, түлкіқұйрық, қара бидай, жүгері және т.б. Бұл шөптердің гүлдеу кезі көбіне
теректің ұлпасының концентрациясының ұлғаю кезімен қабат келеді, сондықтан аурулар 
осымен шатастырып, аллергия себебін терек ұлпасынан көреді. Тозаңдық аллергияның 
күздегі үшінші шыңы (тамыз-қазан) аллергендік активтілігі жоғары өсімдіктерден болады. 
Оларға арамшөптер: амброзия (дәмді тағам), алабота, бақбақ (үлпілдек), қарасора 
(кенешөп), қалақай, жусан, сарғалдақ (аютабан) және т.б. жатады. Тозаңдардың көпшілігі 
ерте ертеңгісін (күн шыққан кейін сағат 9-дарға дейін) шығарылады; ең концентрациясы 
ауа райы құрғақ желді болғанда байқалады.
Патогенезі. 
Мұрынның клегей және клегейасты қабаттарында , мұрынның қосымша 
қуыстарында, көзде атопиялық реакциялар үшін «мес» клетка-нысаналар көп болады. 
Поллинозбен ауырған адамдардың көбінде жалпы және арнайы Ig E деңгейі өте жоғары 
болып келеді. Поллинозға бейімдеуші факторлар: -секроторлық Ig E жетіспеушілігі; 
- макрофаг және гранулоциттердің клеткалық мембранасының тұрақсыздығы; 
- тозаңдардың өту факторының активтілігін тежейтін заттардың түзүлуінің төмендеуі; 


311 
- респираторлық инфекциялар; 
- мукоцилярлы клиренсті бұзатын экологиялық ауаның ластануы. 
Зақымдалудың патохимиялық сатысы көздің, тыныс жолдарының гистаминның және 
басқа биогендік аминдердің шығуымен «мес» клеткалардың дегрануляциясы байқалады.
Көптеген ауруларда поллиноздың патогенезінде белсенді рөльді иммундық кешендерде 
алады. 
Клиникалық көрінісі.
Поллиноздың клиникалық белгілері пайда болу үшін тозаң ал-
лергендерінің 2-3 мезгіл бойына ісер етуі керек. Бірақ, 6-айлық балаларда да бұл аурудың 
болатыны суреттелген. Аурулардың көбі мектепке дейінгі және ерте мектеп жасы кезінде 
басталады. Поллиноздың өзіне ең тән көрінісі – риноконъюктивалды синдром, яғни көз 
Бен жоғары тыныс жолдарының клегей қабатының бір мезгілде зақымдануы. Алдымен 
көздің ішкі бұрышында қышу және ащу сезімі пайда болады, көзде бөгде дене бар сезімі 
пайда болып, содан кейін жас ағу, жарықтан қорқу анықталып, коъютивалардың гипере-
миясы, цилиарлы тамырлардың кеңеюі, қабағының ісінуі байқалады. Көбіне екі көзде 
зақымдалады, бірақ зақымдалу дәрежесі әртүрлі болуы мүмкін. Конъюктивит бірге ринит, 
мұрын және мұрынжұтқыншақ аймағының қатты қышуы, ауыр түшкіру ұстамасы (10-20 
түшкіру бірден, онымен бірге назокраниальды рефлекстің активтелінуіне байланысты жас 
ағу болады) мұрнынан сұйық сұйықтықтың ағуы (ринорея) нремесе мұрынның толық 
бітеліп қалу ұстамасы; қуыстар тұсында басу сезімі және ауырсыну байқалады.
Пиорея еріннің үстінің және мұрын қанатарынң тітіркенуінің пайда болуына әкеледі. 
Құлағында, бітеліп қалған қуыстардан ортаңғы құлаққа ауаның сорылуына байланысты
теріс қысымның даму нәтижесінде, ваакумды типтес ауырсыну пайда болады. Науқастар 
шайнаған кезде құлақта тырсылдардың байқалуына, естудің төмендеуіне шағымданады. 
Поллинозбен ауыратын балалардың, көп мөлшерде клегей жұтатын болғандықтан, тәбеті 
төмендеп, жүрегі айныйды. Поллинозбен ауыратын балаларда жаңбыр жауған кезде оның 
клиникалық белгілері азайып, жойылып кетуге дейін барады, себебі жаңбырмен бірге 
тозаңдар жерге түсіп, басылады. Поллинозбен ауырған балалардың 30%-да тозаңдық 
бронхиальдық астма; 14%-да атопиялық дерматит; 20%-да астеновегетативті синдром; 
3%-да сирек зақымдалулар (васкулиттер, нефротикалық синдром, мұрнынан қан кету) 
анықталады. Поллиноз кейде қилысқан аллергиялық реакциялардың болуына байланысты 
тағамдық аллергиямен қосарланып байқалады. 
Диагноз
көктем-жаз мезгілінде аурудың клиникалық белгілеріне негізделіп 
қойылады. Риноскопияда мұрын клегей қабатының бозғылт немесе көкшіл түсі 
анықталады, төменгі мұрын қуысының үлкеюі байқалад. Поллиноздың клиникалық-
анамнестикалық белгілерінің болуы аллергологиялық зерттеу (гүлдеу кезеңінен тыс кезде 
жүргізіледі) жүргізу үшін негіз болады. Түзілетін жеріне қарамастан аллергенарнамалы Ig 
E- антиденелер теріде, мұрын клегей қабаттарында және аурулар сарысуында біркелкі 
орналасатын болғандықттан терілік скарификациялық сынамаларды және прик-тестер, 
эндоназалды немесе конъютивальды қозыду сынамаларын (көрсеткіштері болса) қояды, 
жалпы және арнамалы Ig E- ді анықтайды. Қозу кеінде мұрын секретінің жағындысында 
көп мөлшерде (12% және оданда артық) анықталады. 
Емі.
Тозаңның эллиминациясы мүмкін емес. Барлық аллергиялық ауруларды, соның 
ішінде поллинозды емдеуде антигистаминдік дәрілерді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет