481
112 сурет.
Уростаз себептері
(Н.Е. Савченко және басқалар).
1. Тостақшаның мойнының дискинезиясы
2. Тостақшаның мойнының тарылуы
3. Түбекшенің тасы 4. Қосымша тамыр
5. Несепағардағы тас
6. Несепағарды басып тұрған ісік
7. Несепағар ахалазиясы
8. Несепағардың тарылуы 9. Уретроцеле
10. Несепқабының мионейрогенндік атония
11. Несепқабы тасы
12. Несепқабының дивертикуласы
13. Несепқабының мойнының склерозы
14. Қуықасты безінің туа болған ауруы
15. Зәр шығару жолының (каналының) тарылуы
16. Зәр шығару жолының дивертикуласы
17. Үрпінің (зәр шығару жолының шығар
бөлігінің) тарылуы
18. Фимоз
.
Бұнда рефлюкстің маңызы үлкен. Рефлюкс
дегеніміз – несеп жолы жүйесінің тонусының
нервтік реттеуінің әсерінен немесе анатомиялық
мүкістіктерінің әсерінен несептің кейін түсуі
(қайтуы). Кедергі болған кезде пиеловенозды
және пиелолимфатикалы рефлюкстер пайда
болады да, микробты денелер, түбекшедегі
қысым көтерілгендіктен, форникальды бөліктен,
оған жақын орналасқан веналар мен лимфа
тамырларына түседі. Микробтар әуелі уротелий
арқылы табақшаларға, сосын табақшалардан
интерстиций (форникальды рефлюкс) немесе
өзекшелер /тубулярлы рефлюкс/ арқылы бүйректің дәнекер ткандеріне өтеді
Пиелонефриттің патогенезінің звеноларына төмендегілерді жатқызуға болады.
1. Бактериурия
2. Жергілікті және жалпы иммунитеттің бұзылуы
3. Бүйректегі гемодинамиканың бұзылуы.
4. Уростаз, яғни уродинамиканың бұзылуы.
5. Рефлюкс, ол ацидоздың, эксикоздың, анемияның дамуына әсерін тигізеді, ал олар
бүйректің зақымдануының экстраренальды белгілері болып есептелінеді.
Клиникалық-функциялық және басқада белгілеріне байланысты пиелонефрит екіге
бөлінеді:
Достарыңызбен бөлісу: