Пікірсайыс түрлері Пікірсайыс адам санына, қарсы топ санына және ережеге байланысты бірнеше түрі болады. Әр форматтың өзіне ғана тән ерекшелігі бар: уақыты, қарсылық түрі, т.б. Карл Поппер форматы, америкалық парламенттік, британдық парламенттік, Линкольн-Дуглас және Президент-Демократтық формат деп бөлінеді.
Карл Поппер форматы Карл Поппер форматы – ең қарапайым пікірсайыс түрі, әдетте оқушылар арасында ойнатылады. Онда жақтаушы және даттаушы деген екі тарап болады. Ал әр топта 3 адамнан құралады. Әр спикер өз қызметін атқарып, топтың жеңіп шығуына теңдей үлес қосу керек.