Пікірсайыс – белгілі ереже бойынша қарсы тараптың өз позициясын қорғап, көпшілік алдында сөйлеуі. Ол ораторлық қабілет пен ойлау жүйесін дамытады. Balbal.kz мотивациялық сайты пікірсайыс түрлері, тарихы және маңыздылығы туралы материал дайындады. Пікірсайыс деген не? Пікірсайыс немесе дебат грек тілінен «оқимын», ал француз тілінен «талқылау» деген мағынаны білдіреді. Дебат – аргумент арқылы жеңу. Онда қарсы тараптар қоғамды өз сөзіне сендіруі керек. Пікірсайыста маңыздысы – аргумент, бірақ әр түрлі риторикалық әдістер, аудиториямен жұмыс жасау қабілеті ескеріледі. Ол – шешендік өнердің бір түрі, риториканың бір бөлігі. Демократиялы елдерде президент сайлауы пікірсайыс арқылы өтеді.