Речевкалар жаттадық.
«Эмоцияның пайдасы мен зияны »пікірталас өтті.
Бейсенбі 9.06. «Би күні»деп деп аталды.Тәрбиешілер «Мың бұрала билеймін» сайысын өткізді.Бұл сайыста барлық балалар әртүрлі би қимылын көрсетеді.
Балалар сайысқа өте белсенді қатысты.Соның ішінде Орқын Қырмызы,Мекеш Лашын,Сатбай Аружан би қимылдарын жақсы көрсетті.
Ағылшын тілінің мұғалімі Табылдинова А.С.ағылшынша речевкалар жаттаты. Тәрбиеші Рашатхан Г түрлі түсті қағаздан гүл жасауды үйретті.
Балалар гүл жасаудың тәсілдерін тез меңгеріп алды.
Жұма 10.06. «Шығармашылық күні»деп аталды.Бұл күні балалар «Менің
досым»тақырыбына шығарма жазды.Ағылшын тілі мұғалімі балаларға ағылшынша мульфильмдер көрсетті.Балаларға өте қызықты болды.
« Жасыл өкше»ойыны ойнатылды.
Дүйсенбі 13.06. «Күлкі күні»деп аталды. «Жүлдені ізде»ойыны ойнатылды.
«Күлкі пирамидасы »түрлі балалардың күлкі түрлері көрсетіледі және балалар өздерінің суреттерін көріп қуанды,түрлі смайликтер көрсетілді.
Орыс тілі мұғалімі сказка «Красный шапочка»ертегісін балаларға кейіпкерлерін бөліп берді.Балалар ертегіні ойдағыдай ойнады.
«Мәнерлеп оқимын»сайысы өтті.Мұнда балалар өз білетін тақпақ немесе өлеңдерді мәнерлеп оқыды.
Сейсенбі 14.06. «Саяхат күні» деп аталды.Табиғат аясына саяхат.
Жауапты тәрбиешілер өз уақытында келіп балаларға сайыстарын,ойындарын үйрете білді.Дене шынықтыру мұғалімі және орыс тілі мұғалімі,ағылшын тілі мұғалім өз уақыттарын бөліп жоспарға сай жұмыстарын үйретті ол кісілерге алғысымыз шексіз.Мектеп алдыалаңы балаларға өте қатты ұнады.Алаң соңында балалар мадақтау қағаздарымен және тәрбиешілердің ұйымдастыруымен тәттілер таратылды.Тәрбиешілер оқушыларға алғыстарын айтып,жазғы демалыстарын қызықтыда,әсерлі өткізуге тілектерін айтты.
«Балдырған» мектеп алды жазғы алаңы
I ауысым
Қорытындысы
2015-2016 о.ж.
Достарыңызбен бөлісу: |