This item's classification is Internal. It was created by and is in property of the Home Credit Group. Do not distribute outside of the organization.
7.
Жеке құпиясөз үнсіз келісім бойынша 30 (отыз) күн ішінде әрекет етеді. Осы параметрді
интернет-банкингтің (мобильді банкингтің) баптауында реттеп, құпиясөздің әрекет ету мерзімін 60
(алпыс) немесе 90 (тоқсан) күнге дейін ұзартуға болады. Таңдалынған мерзім аяқталғаннан кейін
Клиент жеке құпиясөзді жаңа құпиясөзге өзгертуге міндетті. Клиент көрсетілген мерзім аяқталғаннан
кейін жеке құпиясөзді өзгертпесе және интернет-банкингті пайдалануды қаласа, Клиентке 6 (алты)
интернет-банкинг сеансынан аспайтын сеанс беріледі және Клиент осы сеанстар кезінде жеке
құпиясөзін жаңа құпиясөзге ауыстыруға міндетті. Олай болмаған жағдайда, интернет-банкингке қол
жеткізу бұғатталады.
8.
Банк құпиясөзді таңдаған кезде келесі талаптарды пайдалануға кеңес береді:
1) құпиясөздің ұзындығы 8 (сегіз) таңбадан аспауы тиіс;
2) құпиясөз келесі талаптардың кемінде үш талабына жауап беруі тиіс:
құпиясөзде кіші әріптерді (a-z) пайдалану;
құпиясөзде бас әріптерді (A-Z) пайдалану;
құпиясөзде цифрлық мәндерді (0-9) пайдалану;
құпиясөзде арнайы таңбаларды (Клиенттің қалауы бойынша) пайдалану.
9.
Егер қол жеткізу құралы (компьютер/мобильді телефон/басқа құрылғылар) Клиент интернет-
банкингке кіргеннен кейін 15 (он бес) минуттан астам әрекетсіз болса, автоматты түрде интернет-
банкингтен шығарылып, сессия аяқталады.
10.
Клиенттің интернет-банкинг немесе электрондық терминалдар арқылы электрондық банктік
қызметті алу туралы тапсырмасының шынайылығын тексеруді Банк пайдаланушыда интернет-
банкингте тіркелген логин болған кезде автоматты түрде жүзеге асырады. Бір мезгілде 4 000 (төрт
мың) теңгеден жоғары сомаға транзакциялық-банктік қызметтер жүзеге асырылған кезде
операцияларды растау үшін SMS-кодты қосымша көрсету талап етілуі мүмкін.
9-бап осы шартқа №1 Өзгерістер мен толықтырулар редакциясында 10-1) тармақпен
толықтырылсын (16.10.2020 ж. № 33/2020 хаттама)
10-1. Мобильді қосымшаға бұрын тіркелмеген электрондық байланыс құралы арқылы кірген кезде
оны SMS-код арқылы сәйкестендіру рәсімі жүзеге асырылады. Бұл рәсім Клиенттің электрондық
байланыс құралын әр ауыстырған сайын міндетті болып табылады. Клиенттің әрбір тіркелмеген
электрондық байланыс құралы үшін тіркеу бір рет жүргізіледі. Егер Клиент мобильді қосымшаны
жоймаса, осы байланыс құралы үшін SMS-кодты одан әрі енгізу талап етілмейді.
11.
Клиент байланыс орталығына хабарласу арқылы интернет-банкингке қол жеткізуді бұғаттай
алады.
12.
Қажет болған жағдайда, Банк Клиенттің интернет-банкингке қол жеткізуін толық бұғаттауға
мүмкіндігі бар.
5-тарау осы шартқа №1 Өзгерістер мен толықтырулар редакциясында 9-1-баппен
толықтырылсын (16.10.2020 ж. № 33/2020 хаттама)
Достарыңызбен бөлісу: