«Банк ісі» Пәнінің оқу әдістемелік кешені


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі



бет72/91
Дата09.12.2022
өлшемі5,04 Mb.
#162124
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   91
Байланысты:
11111umkd bankovskoe delo uia 21-1

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі



  1. Банк және банк қызметi туралы. Өзгертулер мен толықтырулар енгізілген ҚР Президентiнiң заң күшi бар Жарлығы. 31.08. 1995

  2. Жарковская Е.П. Банковское дело. Учебник. –М.: Омега-Л, 2008. - №2. - С. 51-54: табл.

  3. Сейкасымов.Г. Бекболатұлы Ж. Каримжанов С. Қазақстанның банк жүйесі. Алматы. Экономика. 2008. 1. - С. 9-16.

  4. Мақыш С.Б. Банк ісі. Оқулық –Алматы. Издат-Маркет, 2007-441 б.

  5. Ширинская Е.Б. Операции коммерческих банков: российский и зарубежный опыт // М.: «Финансы и статистика». – 2005. – С. 32-34.


ДӘРІС 15. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ТӨЛЕМҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ӨТІМДІЛІГІН БАСҚАРУ


Дәрістің мақсаты: білім алушыларға коммерциялық банктердің төлемқабілеттілігі мен өтімділігін басқару туралы мағлұматтар беру.
Негізгі терминдер: өтімділік, төлемқабілеттілігі, басқару үдерісі,

15.1 Банк өтімділігі және оны анықтаушы факторлар. Банк өтімділігінің көрсеткіштері.


15.2 Банк өтімділігін басқару үдерісі


15.1 Банк өтімділігі және оны анықтаушы факторлар. Банк өтімділігінің көрсеткіштері.

Өтімділік – банктің сенімділігін қамтамасыз ететін, оның қызметінің жалпы сипаттамалардың бірі.


Банк өтімділігі – бұл салымшылар мен қарыз берушілер алдында банктің өз міндеттемелерін уақытында және шығынсыз орындау қабілеттігі.
Банктің міндеттемелерін нақты және потенциалды деп екіге бөлінеді. Банктің нақты міндеттемелері: талап ету депозиттері, мерзімді депозиттер, тартылған банкаралық ресурстар, несие берушілердің қаражаттары түрінде банктің балансында көрсетіледі. Ал, потенциалды немесе баланстан тыс міндеттемелерге: банктен берген кепіл-хаттар, клиенттерге несие желілерін ашу, т.б. арқылы көрсетіледі.
Егер коммерциялық банктің борыштық және қаржылық міндеттемелерді уақтысында орындау үшін қолма-қол ақшалай қаражаттар мен басқа да өтімді активтері болып, сонымен қатар басқа көздерден қаражаттарды тез арада жұмылдыру мүмкіндігі жеткілікті болса, онда бұл өтімді банк болып табылады.
Банк өтімділігі аталған барлық міндеттемелерді, сонымен бірге болашақта пайда болуы мүмкін міндеттемелерді уақытында орындауын сипаттайды. Міндеттемелерді орындау үшін кассадағы және корреспонденттік шоттардағы (Орталық банкте және басқа коммерциялық банктерде) қалдықтарымен сипатталатын банктік ақшалардың барлығы; қолма-қол ақшаға тез айналатын активтер; банкаралық нарықтан немесе Орталық банктен алынатын банкаралық несиелер сияқты қаражат көздері пайдаланады.
Осы аталған қаражат көздерін пайдалану банк үшін шығыстармен байланысты болмау керек. Мысалы, өтімді қаражаттардың көзі ретінде бағалы қағаздарды немесе басқа активтерді сату қалыпты тәртіпте алдын ала келісіп қойған шарттардың негізінде жүзеге асырылуы керек.
Банк өтімділігі мынадай қызметтерді атқарады:
· депозиттерді алу мен несиелерге байланысты сұранысты қанағаттандыру;
· тиімділік тәуекелін азайту және банктің сенімділігін қамтамасыз ету;
· активтерді зиянсыз сату;
· тартылған қаражаттары бойынша төлей алмау тәуекелі үшін сыйақы мөлшерін шектеу.
Банк өтімділігінің екі формасы, яғни міндеттемелерді өз уақытында және шығынсыз орындауы көптеген ішкі және сыртқы факторлардың ықпалымен анықталады.
Ішкі факторлар қатарына мыналар жатады:
· банк капиталының базасы;
· банк активтерінің сапасы;
· депозиттердің сапасы;
· сыртқы қаражат көздеріне орташа тәуелдігі;
· мерзімі бойынша активтер мен пассивтердің өзара сәйкестігі;
· сауатты менеджмент;
· банктің жоғары дәрежелі беделі.
Банк капиталының базасы – бұл салымшылар қаражаттары мен депозиттеріне кепіл беретін және олардың мүдделерін қорғайтын меншікті капиталдың жеткілікті мөлшерін сипаттайды. Меншікті капиталдың көзіне: жарғылық капитал және әр түрлі мақсаттар үшін бағытталған банктің басқа да қорлары жатады. Банктің меншікті капиталы неғұрлым жоғары болса, оның өтімділігі соғұрлым жоғары болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет