Банк шоттары — бұл банкмен клиенттер арасындағы келісім-шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді


Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі24,56 Kb.
#82787
1   2   3   4
Байланысты:
Ағымдағы және валюталық шоттар операцияларын тексеру
Бухгалтерлік есеп және есеп беруді тексеру. Тексеру мақсаттары
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары — бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы (есеп айырысу) шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.
Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.
Субъектілердің шоттарынан төлем жасау, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, субъектінің басшысы белгілеген кезектілікпен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді: қолма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы ұсынуды; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды; тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін пайдаланады.
Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель; тапсырма-талап төлемдері; кеден мен салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.
Төлеуші мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім-шарт негізінде анықтайды, сондай-ақ олардың арасында болатын талаптары мен міндеттемелерді зачетқа да жатқыза алады.
Барлық резидент еместердің валюталық операцияларды жүзеге асырған кезде валюта заңының сақталуын қамтамасыз етуі валюталық бақылаудың мақсаты болып табылады.
Валюталық бақылаудың негізгі бағыты операциялардың қолданылып жүрген заңға сай келуін, шетел валютасымен төлеудің негізділігін тексеру; валюталық операциялар бойынша, сондай-ақ резидент еместердің Қазақстан Республикасының валютамен операциялары бойынша есепке алу мен есеп берудің толықтығы мен нақтылығын тексеру болып табылады.
Валюталық бақылау Қазақстан Республикасында валюталық бақылау органдары және агенттері арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының заңына сай валютаны ретке келтіру міндеттерін жүзеге асыру құқығы бар Мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылау органдары болып табылады.
Алған лицензияларына сәйкес операциялар жүргізген кезде валюталық заңның сақталуын бақылау міндеті жүктелген өкілеттіктеріне берілген банкіден тыс қаржы мекемелері мен өкілеттігі берілген банкілер валюталық бақылаудың агенттері болып табылады.
Валюталық бақылау органдары өз міндеттерін жүзеге асыру үшін валюталық бақылау агенттерін жұмысқа тартады және олардың тиісті тапсырмаларды орындауы үшін біршама құқықтарды береді.
Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асырып жатқан резидент те, резидент емес те республиканың заңымен белгіленген тәртіппен осы операцияларға қатысты ақпараттар мен тиым салынған құжаттарды валюталық бақылау агенті мен органдарына беруге міндетті: өзінің үй-жайына, құжаттарға және автоматталған базалық мәліметтерге кіруін қамтамасыз етуді; тексеру барысында да, сондай-ақ олардың нәтижесі бойынша да түсінік беруге; валюталық бақылау органдарының талаптарын орындауы тиіс.
Заңды тұлға-резиденттер шетел валютасын ішкі саудада тек резидент еместермен есеп айырысуды жүзеге асыру үшін және міндеттемелерін орындау үшін, сондай-ақ заң актілерінде қарастырылған басқа да жағдайларда ғана сатып ала алады.
Заңды тұлға-резиденттер шетел валютасын сатып алуға тапсырысты әзірлеу кезінде сатып алу мақсатын көрсетуді, сондай-ақ резидент еместермен есеп айырысуда жүзеге асырудың қажеттілігін растайтын құжаттарды қоса тапсыруы немесе өкілетті банктерден алынған несиелер бойынша міндеттемелерді орындауды және осы валютаны, егер ол өз мақсаты бойынша пайдаланылмайтын болса, онда оны сатып алынған күннен (датасынан) бастап, отыз күннің ішінде ағымдағы нарықтық бағасы бойынша ішкі валюталық саудада сатуға тек банкке ғана өкілеттік берілген.
Банктік валютадағы операция – ол кезде субъект:
1) бағасы банктік валютада көрсетілген тауарларды немесе қызметтерді сатып алатын немесе сататын;
2) ол бойынша төленуге немесе алынуға тиіс сома шетелдік валютада көрсетілген қарыздарды ұсынатын немесе алатын; немесе
3) қандай да бір өзге түрде активтерді сатып алатын немесе сататын, өзіне шетелдік валютада көрсетілген міндеттемелерді алатын немесе өтейтін операцияны қоса алғанда, ол бойынша түпкі есептеме шетелдік валютада көрсетілген немесе жүргізілуі тиіс валюта.
Банктік валютада бастапқы тану кезінде субъект банктік валютадағы сомаға операция күніндегі функционалдық валюта мен шетелдік валюта арасындағы спот-бағамды қолдану жолымен операцияны ескеруге тиіс.
Операция күні – операция осы Стандартқа сәйкес тану өлшемдерін алғаш рет қанағаттандыратын күн. Практикалық тұрғыдан негізге ала отырып, операция күніндегі іс жүзіндегі бағамның жуық мәні болып табылатын бағам жиі қолданылады, мысалы, бір аптадағы немесе бір айдағы орташа бағам осы кезең ішінде жасалған әрбір шетелдік валютадағы барлық операциялар үшін пайдаланылуы мүмкін. Алайда валюта айырбастау бағамының едәуір ауытқуы кезінде кезең үшін орташа бағамды пайдалануға жол берілмейді.
Субъект шетелдік валютаның бағамы өзгерген жағдайда осы өзгерістің күнінен бастап аудару рәсімдерін қолдану қажет.
Субъектінің функционалдық валютасы субъектіге жататын негіз құраушы операцияларды, оқиғалар мен жағдайларды көрсетеді. Тиісінше, функционалдық валюта белгіленгеннен кейін ол осы негіз құраушы операцияларды, оқиғалар мен жағдайлардың өзгеруі шартымен ғана өзгертілуі мүмкін. Мысалы, негізінен, тауарлар мен қызметтердің сату бағасына әсер ететін валютаның өзгеруі субъектінің функционалдық валютасының өзгеруіне әкелуі мүмкін.
Банктік валюта бағамының өзгеру әсері перспективалы түрде ескеріледі. Басқа сөзбен айтқанда, субъект өзгерген күнгі валютаның айырбас бағамын пайдалана отырып, барлық баптарды жаңа функционалдық валютаға ауыстырады. Алынған, осылайша монетарлық баптардың ауыстырылған сомасы олардың тарихи құны ретінде қаралады. Бұрын осы Стандарттың 570-тармағына сәйкес капиталда жіктелген, шетелдік қызметті ауыстырудан туындайтын бағамдық айырмалар осы қызмет істен шыққанға дейін пайданың немесе залалдың құрамында танылмауға тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет