Операциялық күн соңында касса бойынша жүргізілген барлық операциялар Бас банкте көрсетіледі. Ұлттық Банк Орталық Кассалық Операция бөлімінде екінші деңгейлі банктердегі кассалық қызметті реттеу жүйесін жүзеге асырады. Бұл нақты ақша массасының реттеуге басты себеп болып табылады. Кассалық операция банк балансында ең өтімді актив операциялары болып табылады. өтімді активтердің көлемі мен үлесіне көңіл аудару керек. Бұны талдауда резервтік талаптың ең төменгі мөлшерін анықтау керек. Резервтік талаптың көлемі міндеттемелерде анықталады. Резервтік талаптың ең төменгі мөлшерінің орналастыруының екі түрі бар. Бірінші, ағымды айда ақшны резервтік активтерде орналастыру. Резервтік активтердің сомасы резервтік талаптан кем болмау керек. Бұл әдісті салымдарды кепілдендіру қорының мүшелері пайдаланады.