Кассалық жұмыстың ұйымдастырылуына материалды жауапты тұлғалар:
Банк басшысы
Бас бухгалтер
Касса меңгерушісі
Клиенттерден банктерге ағымды және корреспонденттік шоттарына ақша аудару екі құжат бойынша жүргізіледі:
Клиенттерден банктерге ағымды және корреспонденттік шоттарына ақша аудару екі құжат бойынша жүргізіледі:
Хабарламаға қолма-қол жарна
Кіріс кассалық ордер
Хабарламаға қолма-қол жарна үш бөлімнен тұрады:
Хабарлама
Түбіртек
Ордер
Клиент хабарламаны толтырып аяқтаған соң, шот менеджеріне ұсынады. Шот менеджері реквизиттердің дұрыстығын тексереді және кіріс кассалық журналға тіркейді. Хабарлама кассаға өткізіледі. Клиенттен нақты ақша қабылданады, хабарлама кассада қалады, түбіртек клиентке мөр басылып беріледі, ал ордер бухгалтерияға немесе бэк-офиске өткізіледі. Келесі өткізбе құрылады
Дт -1001 Кт – 2203
Нақты ақша беру үшін клиент кіріс кассалық құжатты толтырады, шот менеджеоіне ұсынады. Шот менеджері реквизиттердің дұрыстығын тексеріп, бухгалтер контралерге береді. Бухгалтер контралер құжатты кассалық журналға тіркейді және клиенттің қол мөр үлгісі бар құжатын тексереді. Құжат тексерілгенннен кейін клиенттен нақты ақша қабылданады. Қабылданған сумма мен құжатта көрсетілген сумма салыстырылады. Егер жетіспеушілік табылса акт жазылады. Операциялық күннің соңында айналым кассалық журнал мен кіріс кассалық журнал тексеріледі. Барлық қабылданған нақты ақшалар клиенттің шотына сол күні аударылуы керек.