4.Су эрозиясы құрлық бетінде су ағыны әсерінен және бедір жағдайларына (беткейлердің қалыңдығына,еңістігіне, мүсініне және экспозициясына) байланысты өтеді.Топырақтың шайылу беткей ылғалдығының 1,5-20-нан басталады, ал 30-тан жоғары ыдырағанда ол айқын жүре бастайды. Беткей қалыңдығы өскен сайын,одан ағатын сулар мөлшері көбейіп, топырақтың шайылу қаупі арта түседі. Сондықтан беткейлер еңістігі мен ұзындығына қарай эрозия дамуын болжауға болады. Сонымен бірге,жауын-шашын құбылымын, өсімдік пен топырақ жамылғысын ескеру керек.
Беткейлер мүсініне қарай түзу,ойысты,дөңесті беткейлерде топырақ шайылуы төменгі етегінде лорын алған; ойысты беткейлер топырағының шайылуы көбінесе жоғары тіктеу бөлігінде жүреді де, төменгі бөлігінде шайылып келген материалдар шоғырланады. Баспалдақты беткейлерде (террасалық учаскелер)су ағыны бәсең болғандықтан,эрозия сәл жүреді.Оңтүстік беткей топырағы,солтүстіктегіге қарағанда шайылуға бейім.
Таулы және тау етегіндегі бедер жағдайына,қар ерігеннен және нөсерлі жаңбырдан соң күшті су ағындары пайда болады да, соның әсерінен қатты тау жыныстары құрлық бетіне жақын орналасқан жұқа топырақ кескінінің эрозияға шалдығуы өте қауіпті.
Дефляция қаупі көбінесе жазық территориялар мен кең тауарлық және төбе аралық жазықтарда туады.
Территорияның геологиялық құрылымы, яғни оны құратын тау жыныстарының су ағынынан шайылуы және ұшырылуы қабілеті эрозия процесі дамуындағы басты себеп.Мысалы,лесті құмбалшықтар сумен жеңіл шайылып отырылады да, жыраларға айналады. Керісінше мореналық (мұзарттық) құмбалшықтар шайылуға төзімді. Флювиогляциалды (мұз суынан) және ежелгі аллювийлі шөгінділер, су өткізгіштік қабілеті жоғары болғандықтан, су эрозиясына берік болады, бірақ дефляцияға осал келеді.
Қатты тау жыныстары (гранит,әктас және т.б.)үстінде қалыптасқан,кескіннің қалыңдығы 30-35 см-ден аспайтын,ьорпыдақ топырақтарда эрозия қаупі өте үлкен.Бұл топырақтар су немесе желмен тез бұзылып,кескінін түгел жоғалтады.
Топырақтың су немесе жел эрозиясына тұрақтылығы оның су өткізгеніне, ал соңғы қабілет болса, топырақтың механикалық құрамына, түйіртпектілігіне гумус жиегінің қалыңдығына, тығыздығына және жоғары қабаттар дымқылдығына байланысты. Суды жеңіл сіңіретін топырақтар (түйіртпекті, мехаикалық құрамы жеңіл, құрылысы осал) шайылуға берік тұрады. Түйіртпекті топырақ эрозияға берік, ал түйіртпектілігі төмен, қалың қабатты тығыз топырақтар осал келеді.
Су эрозиясына ең тұрақты-қара топырақтар,алтұрақсыздарына шымды күлгін және сұр орман топырақтарда жатады.
Дефляциялы механикалық құрамы жеңіл және ауыр, бірақ түйіртпексіз, құрғақ топырақтар жеңіл ұшырайды. Топырақты эрозиядан қорғауда өсімдік жамылғысының маңызы үлкен. Оның тұтастығы өскен сайын , эрозия бәсеңдейді.
Өсімдік тамырлары,әсіресе астық тұқымдастар,топырақ түйірлерін бір-бірімен мықтап жұғыстырып, оларды бұзылудан (ұшырылу-шайылу) сақтап қалып,шаңдануына қарсы тұрады.
Құрлық үстіндегі өсімдік сабақтары,жаңбыр тамшыларының ұру күшін бірінші өзіне қабылдайтындықтан, топырақ түйіртпектерін бұзылудан сақтап қалады. Тұтас өсімдік жамылғысы су ағыны жылдамдығын азайтып, топырақтың шайылуын кемітеді және судың топыраққа толық сіңуіне себептеседі. Шымды қабат және өсімдік төсенішінің жақсы су өткізгіштік қабілеті болғандықтан суды жылдам сіңіріп, өзіне жақсы ұстай алады (21-кесте). Өсімдік жамылғысы бар құрлықтың қары қалың болады да,топырақтың тоңдану тереңдігі азаяды. Ондай топырақ бетіндегі қар көктемде тез еріп, ылғал оның кескіні мен төмен, түгел сіңіп кетеді.
Топырақ эрозиясы үдемелі өсімдіксіз сүріге қалдырылған танапта дамиды.
Дефляция деп, шаң (қара) дауылын және жергілікті топырақтың желмен ұшырылуын айтады. Шаң дауылдары үлкен территорияларды қамтып,оқтын-оқтын соғып тұрады. Жел екпіні топырақтың үстіңгі қабатын бұзып,оның түйірлерін ауа ағынымен әр мөлшерлі алыстыққа тасымалдайды. Ірі топырақ түйірлері қысқа қашықтыққа жылжып, бұта тасасына немесе ойпаңға жиналады. Ал ең ұсақ түйірлері көп шақырымдық қашықтыққа әкетіледі.
Жергілікті дефляция-беткі эрозия (көтеріңкі) және баяу бұрқасын немесе сыдарма түрінде «жүреді». Көтеріңкі эрозияда топырақ түйірлері ауа құйынымен жоғары көтерілсе, сыдармада олар топырақ бетімен секіре қозғалады, бірақ соңғыда оларға өсімдік кедергі келтереді.
Топырақ түйірлері ірілігіне қарай,олардың төмендегідей жылу әдістерін бөледі (Көнке,Бертран,1962).
Топырақ түйіртпектердің қозғалу жолдары Түйірлер
Диаметрі,мм
Топырақтан жоғары ұшу <0,01
Топырақ үстімен секіру <0,1-0,5
Топырақ үстімен сыдырлау <065-3,0
Топырақ түйірлері домаланып қозғалғанда,бір-бірімен қақтығысып бөлшектенеді де,ұсақ фракциялар мөлшерін арттырады.Соңғылар секіре қозғалғанда,ірі түйіртпектерді одан әрі бұзады, соның нәтижесінде секіре және қалқи қозғалатын бөлшектер саны көбейеді; олар ауа ағынының тынық бөлігінен (құрлықтан 0,2-0,4 м биіктікте) уақ (<0,1 мм) түйірлерді іріктіріп әкетеді. Сондықтан,желдің қарқыны ескен сайын бұзу күші ұлғаяды
Достарыңызбен бөлісу: |