Аудиторлық процедуралардың маңыздыларының бірі – дебиторлық борыштарды реттеу. Бұл растаудың негізгі міндеті – бар болу, бағалау және дәл болу мақсаттарына қол жеткізу. Егер сатып- өткізудің барлық көлемі сатып алушылардың есеп регистрлеріне кірмеген болса, онда алынуға тиісті шоттарбойынша сомалардың азаюын баланс баптарын тестілей отырып ашу мүмкін емес. Сатып-өткізу көлемінің және дебиторлық борыштардың азаюын бәрінен бұрын нақты жүзеге асырылған, бірақ жөнелтудің есебі арқылы өтпеген операцияларға тексеру жүргізу кезінде және талдамалық процедуралар арқылы анықтауға болады.
Растау жөнінде берілген сұрауларға сатып алушылар көңіл аудармаған кезде аудитор тауармен ілесіп барған құжаттарды қарайды. Дебиторлар мен кредиторларға жеке клиенттердің сальдолары бойынша тексеру жүргізу өнімді жөнелту және табыс алу бойыншща ілесіп барған құжаттарды қарау жолымен орындалады.
Объектіге қатысты тексеру жүргізу кезінде аудиторлар дебиторлар шоттарының елеулі сальдосын және өткен кезеңдерде борыштарды туындатқан шоттарды егжей-тегжейлі зерттейді.
Өзінің қорытынды пікірлерін аудитор тексерілген бастапқы құжаттардың және есеп регистрлерінің мәліметтерімен, орындалған бақылау арифметикалық есептеулердің нәтижелерімен негіздейді. Аудит өткізу барысында табылған қателерді және бұзушылықтарды аудитор жұмыс құжаттарына тіркейді.
Достарыңызбен бөлісу: |