Бар елде ғана қалана



бет3/68
Дата08.02.2022
өлшемі0,92 Mb.
#122601
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
Бар елде ана алана

Ақпаратжинау, сақтау және өңдеудің объектісі болып табылатын мәліметтер. Ақапараттың құны басшылармен қызметкерлердің ақпаратты жинауға кеткен уақытынан, нарықты талдаумен сыртқы кеңес берушілерге жұмсалған нақты шығындарынан құралады.
Басқару шешім қабылдауға негізделеді. Наполеон «Басқару — болжай білу», деген, ал ол үшін ақпарат қажет.
Қазірде ақпарат қоғамның дамуының негізгі ресуртсарының бірі. Ақпарат алуан түрлі, және мынадай түрге бөлінеді: ғылыми, техникалық, өндірістік, басқарушылық, экономикалық, әлеуметтік,құқықтық т.с.с.
Аудит экономикалық ақпараттар жүйесіне негізделеді, ол қаржылық есептілікті растайды.
Экономикалық ақпарат – бұл экономикалық субъектінің қаржы-шаруашылық қызметін сипаттайтын мәліметтер. Экономикалық ақпарат басқару ақпараттарының ішіндегі маңызды бөлігі болып саналады.
Экономикалық ақпарат әр түрлі белгілеріне байланысты ажыратылады:
Басқару функциясына байланысты жоспарлы, есептік, нормативті-анықтамалық және аналитикалық.
Есептік ақпараттың негізгі бөлігі – қаржылық есептілік.
Қаржылық есептілік көптеген ақпараттарды өңдеудің нәтижесінде жасалынады, олар баланс баптарында немесе түсініктеме жазуда көрсетіледі.
Қаржылық есептегі ақпараттарға ерекше талаптар қойылады, себебі көптеген ішкі және сыртқы пайдаланушылар маңызды шешім қабылдауда пайдаланады.
Қаржылық есеп қаржылық жағдайымен нәтижені және ондағы өзгерістер бейнелейді. Оның құрамы:
1) қаржылық жағдай туралы есептілік (бухгалтерлік баланс);
2) жылдық жиынтық табыс туралы есептілік (пайда және зиян туралы есептілік);
3) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік;
4) меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есептілік;
5) есеп саясаты мен түсініктеме жазу.
Қаржылық есепке аудит тұрғысынан алғанда мынадай негізгі ерекшеліктер мен талаптар қойылады:
1. Қаржылық есеп мекеменің қаржылық жағдайын, қаржы нәтижелерін ақша қаражаттары қозғалысы туралы мен капиталдағы өзгерістер туралы ақпарттарды шынайы көрсетуі қажет. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын дұрыс пайдалану қаржылық есептегі ақпараттардың дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Қаржылық есептегі ақпарттардың шынайылығы Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік» туралы Заңының талаптары бойынша жасалған қаржылық есептілік.
Аудитор тек қаржылық есептіліктің негізгі нысандарындағы мәліметтерді ғана емес, қосымшалармен түсініктеме жазулардағы мәліметтердің шынайылығын растауы тиіс. Сонымен қатар, олардағы көрсеткіштердің арасында байланыс немесе қарама-қайшылықтарды табуы қажет.
2. мекеменің қаржылық есепті жасауда сапалық сипатын қамтитын мынадай саясатты ұстануы қажет:
- пайдаланушылар үшін шешім қабылдаудағы ақпарттың орындылығын;
- сенімділік
- шынайылық;
- операциялардың экономикалық мазмұнын ашып көрсету;
- бейтараптылық (әр түрлі пайдаланушыларға байланысты объективтілігі);
- сақтық;
- толықтылық.
3. мекеме пайдаланушыларды толық және шынайы ақпараттармен қамтамасыз етуі тиіс.
4. ҚР заңдарында бекітілген мерзімдерде қаржылық есепті мемлекеттік салық органдарына, мемлекеттік статитика органдарына, әрбір құрылтайшыға және басқада пайдаланушыларға тапсыруы тиіс.
Қаржылық есепте тек өткен мерзімнің қаржылық нәтижелері көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет