Алмаспайтын (тура жүргізілетін) тексеру — өзіне бухгалтерлік есептің барлық жүйесі арқылы бірнеше операцияларды қадағалау кіретін тест.
Арнайы мақсаттағы аудиторлық қорытынды есеп — қаржылық есеп беру бойынша жасалынған аудиторлық қорытындыдан өзге (басқа) қаржылық ақпараттарға, төмендегілермен қоса, тәуелсіз тексеру жүргізуге байланысты құрылған қорытынды есеп:
а) бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарынан немесе Ұлттық стандарттарынан өзге бухгалтерлік есептің тегіс қамти алатын негіздеріне сәйкес дайындалған қаржылық есеп беру;
ә) арнайы шоттар, қаржылық қорытынды есептегі баптар немесе шоттардың элементтері;
б) келісім-шарттық міндеттемелерге сәйкестік;
в) қорытындыланған қаржылық есеп беру.