Бар елде ғана қалана


Сатып алу кезеңінің аудитін жүргізудің ақпараттық көзі



бет8/68
Дата08.02.2022
өлшемі0,92 Mb.
#122601
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   68
Байланысты:
Бар елде ана алана
Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д, БА дарламасы емдік дене шыны тыру ж не массаж
Сатып алу кезеңінің аудитін жүргізудің ақпараттық көзі.

Арнайы әдебиеттер және озық тәжірибені жинақтап қорыту негізінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің қорлары есебі мен ішкі бақылау жағдайының функционалды аудиті бағдарламасында мыналар қарастырылады:


Кесте-1 Қорларды сатып алу мен баскарудың функционалдық аудит бағдарламасы





Аудит процедуралары

Ақпарат көздері мен бағалау критерийлері

1

2

1. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету мен бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды талдау

Жылдық, тоқсандық және ағымдағы есеп, сонымен қатар жедел мәліметтер

2. Бастапқы есепті, бухгалтерлік регистрді және қорладяың козғалысы туралы есеп беру жағдайын тексеру

2 ХҚЕС, қойма есебі карточкалары, кірістік ордерлер, материалды қабылдау туралы актілер, кем шығу, қорлар жоғалту туралы және т.с.с. актілер

3. Қорлардың синтетикалық және анали-тикалық есебінің дұрыстығын тексеру

Бас кітап, журнал-ордерлер, есеп регистрлері, ХҚЕС, шоттардың үлгі жоспары

4. Баланстағы қорларды бағалаудың дұрыстығын тексеру

2 ХҚЕС, материалдық құндылық-тарды түгендеу актілері

5. Қорлардың болуы мен сақталуын, оларды түгендеуді жүргізудің уақ-тылығы мен дұрыстығын талдау

Материалдарға жауапты адамдар мен шарттар, бастапқы құжаттар, қоймалық есеп карточкалары, түгендеу актілері

6. Қойма шаруашылығын ұйымдас-тырудың дұрыстығын зерттеу

Техникалық құжаттама, қойма шар-уашылығын ұйымдастырудың стан-дарттары мен нормативтері

7. Қойма есебін, қорлар қозғалысы бойынша бастапқы құжаттарды ресімдеудің дүрыстығын тексеру

Бастапқы құжаттар, қойма есебінің карточкалары, материалдардың козғалыс есебі (2 ХҚЕС) бойынша тізімдеме (ведомость)

8. Кәсіпорынның өндірістік қорлар-мен соңғы есеп беру күндерінің камтамасыз етілуін бағалау

Стандарттар, нормалар мен нормативтер, техникалық шарттар, есеп айырысу, бастапқы және құрама кұжаттар

9. Түскен материалдарды кіріске алудың толықтығы мен ұзақтылығын тексеру

Бастапқы құжаттар (қабылдау, ком-мерциялық актілер, жүкқұжаттар, төлем тапсырмалары), шот-фактуралар, кірістік ордерлер және т.с.с.

10. Өніммен жабдықтау, жұмыс пен қызметті орындау жөніндегі шарттардың сақталуын бақылау (қадағалау)

Қойма есебінің карточкалары, мате-риалдар есебі тізімдемесі (ведомосі), 6 журнал-ордер, Бас кітап, шарттар, нарядтар, сертификаттар, шот-фактуралар және т.с.с.

11. Қорларды өндіріске босату жө-ніндегі операциялардың негізділігі мен оларды шоттарда көрсетудің дұрыстығын талдау

Бастапқы құжаттар (лимиттік-заборлық (алу) карталары, талаптар, жүк-құжаттар), материалдар қозғалысы есебі бойынша тізімдеме (ведомость) журнал-ордерлер, Бас кітап

12. Қорларды бағалау тәсілдерін таңдаудың дұрыстығын анықтау

Есеп саясаты жөніндегі материалдардың қозғалыс есебі бойынша тізімдеме (ведомость), 6,10 журнал-ордерлер

1

2

13. Қорлардың қозғалысын ішкі бақылау жағдайын тексеру

Ішкі тәртіп, қызметтік нұсқаулар және ХҚЕС.

14. Басқа жақтағы тысқары ұйым-дарға қорлар өткізу мен қайта өндеуге беруге байланысты операциялар бойынша бухгалтерлік жазбалардың дұрысытығын тексеру

Шарттар, калькуляциялар, сенімхаттар, тауарлық-көліктік жүкқұжаттар, қабылдау туралы акт. Кірістік ордерлер және т.б. 2 ХҚЕС. Шоттардың үлгілік корреспонденциясы.

15. Қорлардың табиғи кему, бүліну және оларды арзандатудағы белгіленген нормадан тыс кем шығуын есептен шығаруға арналған құжаттар мен әкімшіліктің шешімдерін талдау.

Әкімшіліктің материалдарды есептен шығаруға арналған актілері мен ше-шімдері, түгендеу актілері, нарыктық баға мен сатып алу бағалары туралы мәліметтер және т.б.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қорларының құрамдас бөліктерінің бірі - дайын өнім. Оны шығару, сақтау және өткізу - субъектінің шаруашылық іс-қызметінің жалпы жиынтық процестерінің жекелеген процесі. Дайын өнімнің жағдайын бағалау қорларды басқарудың функционалды аудиті аясында жеке циклін іріктемелі тексеру ретінде өткізіледі, Соңғы жағдайда тексеру ішкі бақылау жүйесіне қатысты және ревизия сипатты болады.


Дайын өнімнің қозғалысы жөніндегі есептік мәліметтер негізінде алынған ақпарат қаржылық есептілікті жасау үшін, соның ішінде, кірістер, шығыстар, айналымдық активтер мен басқа маңызды бөлімдер позициялары бойынша негізгі болып табылады. Өнімді өткізу циклінің аудитіне қаржылық есеп берудің де, функционалды аудиттің де міндеттері тән.
Құжаттық мәліметтері ескерілмеген өнімді шығару мен өткізуді анықтау мақсатында тексеруде жалғыз құжатпен шектелуге болмайды. Мұндай фактілер жөніндегі аудиттің қорытындысы оның тұжырымдарын толығымен негіздейтін құжаттық мәліметтердің жиынтығына сүйенуі тиіс. Дегенмен бұл барлық өнімнің ескерілмегенін айғақтай алады.
Тексеру материалдарында ескерілмеген дайын өнімнің шығарылуы мен өткізілуін дәлелдейтін, соның ішінде, материалдық құндылықтардың ескерілмеген артықтары, көмекші материалдардың, шығарылған өнімнің артық шығуы, жұмысшыларға еңбекақы төлеу фактілері; автоматтық есептегіштердің көрсеткіштері, дайын өнімді тасып шығаруға рұқсат және т.б. бар болуын растайтын басқа да көрсеткіштерді келтіру қажет. Сондықтан аудитор бұл мәселелерді зерттей келе барлық кұжаттаманы, бұрынғы тексеру қорытындыларын оқуы тиіс және ескерілмеген өнімді шығару мен өткізу жағдайлары туралы негіздемелі тұжырым жасау керек.
Шығындар туралы мәліметтердің функционалды аудиті үшін, мысалы тұтас кәсіпорынға қанша материал жұмсалғанын білу жеткіліксіз. Өндірілген өнімге талдау жасау үшін әрбір цехтағы, учаскедегі, бригададағы, яғни пайда болу орындарында номенклатура бойынша материалдардың шығысы туралы акпарат қажет. Бұл мақсатқа шығындарды калькуляциялық баптары бойынша жіктеу мен осы шығындардың функционалды аудит қажет. Функционалды аудит пен елеулі талдау тәсілдерінің көмегімен өндірістің мақсатын, орнын анықтап және шығыстарды қатаң бақылауды ұйымдастыруға, олардың азайту резервтерін табуға және тауарлық-материалдық қорларды қолданудың тиімділігін арттыруға болады.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет