Барлығы – 135 сағат



бет60/141
Дата10.10.2020
өлшемі0,8 Mb.
#64127
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   141
Дәріс № 8

А) Тақырып: Қоғамдық- саяси әдебиеттердің ғылыми- көмекші библиографиялық құралдарын құрастыру методикасы.

В) Мақсаты: Қоғамдық- саяси әдебиеттердің ғылыми- көмекші библиографиялық құралдарын құрастыру методикасын қарастыру.

С) Негізгі сұрақтар:

1. Қоғамдық саяси әдебиеттердің ғылыми- көмекші библиографиялық құралдарын құрастырудың жалпы мәселелері.

2.Әдебиеттерді іздеу мен сұрыптау, топтастыру, аннотациялау.

Мазмұны: Ағымдағы ғылыми – көмекші библиографиялық құралдарды құрастыру жұмысы ірі кітапханалардың библиографиялық қызметінде үлкен роль атқарады.

Қоғамдық – саяси тақырыптағы жарияланымдардың санының ұдайы өсіп отыруымен оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктерінің күрделене түсуіне байланысты ағымдағы библиографиялық құралдарды құрастыру жұмысыда кітапханалар тарапынан үлкен жауапкершілікті талап етеді.

Кең көлемдегі ағымдық ақпараттау жұмысының белгілі бір жүйесі болуы қажет. Сондықтанда, қоғамдық ғылымдар саласы бойынша жекелеген құралдарды жасау әдісі – ең алдымен, олардың мақсаттың және оқырмандық бағытына тығыз байланысты. Ақпараттың толық болуы – материалды дұрыс сұрыптауды қажет етеді.

Материалды сұрыптау әдісі – көрсеткіштің мазмұнымен тікелей байланысты болады.

Реферативті, ғылыми – аналитикалық басылымдарда материалдар ағымдағы библиографиялық көрсеткіштерге қарағанда аз қолданылады.

Ағымдағы библиографиялық басылымдарды құрастыруды бірден-бір жақсарту жолы – олардың құрылымын біркелкі жүйедегі көмекші көрсеткіштерді пайдалану.

Көрсеткіштердегі әдебиеттердің мазмұнын дұрыс сипаттау мақсатында қоғамдық- саяси әдебиеттерді аннотациялау мен рефераттау жұмысында зор маңызы бар. Сонымен қатар, мамандарға арналған әдебиеттердегі берілген аннотациялар мен рефераттарды бөліп көрсеткен жөн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   141




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет