Кәсіпкерлік формасы екіге бөлінеді: ұжымдық-праволық және ұжымдық-экономикалық.Ұжымдық-праволық кәсіпкерліктер 1. серіктестіктер, 2. акционерлік.
ОЖСӨЖ мазмұны: Кәсіпкерліктің субъектісі жеке тұлғалар, заңды тұлғалар- біріккен серіктестіктер: арендалық ұжым, ашық және жабық акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоцияциялар.
СӨЖ мазмұны: Кәсіпкерліктің экономикалық негізі экономикалық ресурстарды: адамдар ресурсы-еңбек және кәсіпкерлік қабілеттілік және материалдық ресурстар- жер, оның табиғи байлығы мен капиталды тиімді пайдаланып, меншік иелері: жұмысшы-еңбек ақысын, капитал иелері-пайызын, жер иелері-өсімін, ал кәсіпкер- кәсіпкерлік пайдасын алу.
Дәріс № 2.
Тақырыбы: Кәсіпкерлік істің түрлері.
Дәрістің мазмұны
Өндірістік кәсіпкерлік.
Коммерциялық кәсіпкерлік.
Қаржылық кәсіпкерлік.
Консультациялық кәсіпкерлік.
Мақсаты: Кәсіпкерліктің түрлерін ашу.
Өндірістік кәсіпкерлік-бұл кәсіпкерліктің негізгі түрі. Мұнда тауар өндіру, қызмет көрсету жүзеге асырылады.
Кәсіпкерлікпен айналысу үшін қандай тауар өндіру, қандай қызмет көрсетуді іске асырумен шұғылдану керектігін білу керек.
Одан кейін маркетингтік іспен шұғылдану: болашақ тұтынушылармен байланысу, сонымен бірге, шикізат, материалдар, энергия т.б. жабдықтаушылармен ара қатынасты орнату.
Келесі кезең өндіріс факторлары.
А) негізгі өндірістік қорлар: ғимраттар, құрылыстар, өндірістік құрал жабдықтарды сатып алу немесе арендаға алу.
В) Өндірістік айналым қоры: еңбек заттары, шикізаттар, негізгі және қосымша материалдар, отын және энергетика ресурстары, жөндеу жасауға қосалқы бөлшектер, сатылып алынатын құрастыру бөлшектері, полуфабрикаттар, келешекке керекті шығындарды жабу көзі.
Коммерциялық кәсіпкерліктің іс өрісі тауар биржалары, сауда мекемелері. Тауар биржалары ең көп тараған бірқалыпты жұмыс, істейтін көтерме сауда нарығы. Тауар биржаларында тауармен, жабдықтаушылармен сауда жасаумен бірге, келісім шарттар жасау, яғни фьючерлік айырбас келісімдері жасалдады. Мұндай шарттар бойынша төлемді мерзімді уақыт өткеннен кейін келісілген бағамен сатады.
Тауар биржалары мынандай қызмет атқарады:
сауда –саттық келісім жасауға делдалдық қызмет атқарады:
тауар сатуды тәртіпке келтірелі, сауда операцияларын реттейді:
баға туралы, өндіріс жағдайын, тағы басқа бағаға ықпал ететін факторлар жөнінде мәліметтер жинап жариялайды.
Қаржылық кәсіпкерлік. Қаржы кәсіпкерлігіне негізінен коммерциялық банкілер және қор биржалары кіреді. Коммерциялық банкілер-бұл қаржы , несие мекемелері, негізінен акционерлік типте болады. Олар көпшілікке коммерциялық кәсіпорындарға несие береді, ол үшін пайызставкасымен берген несиесін қайырады. Банкіде активті және пассивті операциялар болады.
Қор биржалары – бағалы қағаздар нарығы. Ол капиталдың қозғалысын жеделдетеді және активтердің реалды құнын анықтайды.
Дәріс №3.
Тақырыбы: Кәсіпорын нарық жағдайында.
Дәрістің мазмұны:
Кәсіпорын механизмі.
Кәсіпорынның құрылымы, функциясы.
Пайда – кәсіпорынның басты мақсаты.
Мақсаты: Кәсіпорынның нарық жағдайындағы маңызды функциялары.
Кәсіпорын-бұл өнім өндіру үшін құралған дербес шаруашылық жүргізетін субъект, өндірген өніміне иелік етеді, пайда табады, салық төлемінен қалған пайданы жаратады. Кәсіпорын өз міндетін атқару үшін мүлкі болуы керек.
Кәсіпорын мүліктерінің қайнар көзі:
кәсіпорын құрылтайшыларының материалдық және ақшалай жарнамасы;
өнім, қызметтерден түскен түсімнен пайда;
құнды қағаздар және олардан түскен пайда;
инвестиция және бюджеттен дотация;
қайырымдылық жарнама;
мекемелер мен тұрғындардың көмегі;
мемлекеттік кәсіпорынның мүлкін конкурс, аукцион арқылы сатып алу;
мемлекеттік кәсіпорындар мүлкін акционерлік қоғам арқылы сатып алу. /26 бет/
Дәріс№ 4.
Тақырыбы: Кәсіпорынның құрылымы, функциясы.
Дәрістің мазмұны:
Кәсіпорында атқарылатын жұмыстар.
Кәсіпорынды басқару функциясы.
Кәсіпорынның негізгі ұйымдастыру функциялары.
Мақсаты: Кәсіпорында атқарылатын жұмыстарда айқындау.
Кәсіпорынның құрылымы, функциясы:
негізгі өндірістің бөлімі;
көмекші бөлімі;
косалқы, қосымша өндіріс бөлімдері;
басқару аппараты, бөлімдері.
Кәсіпорында атқарылатын жұмыстар:
ғылыми зерттеу;
жоспарлық құрастыру;
өндіру;
жөндеу,модернизациялау;
бақылау, брактау;
сақтау;
тасымалдау;
қайта өндіру;
консервация, буып-түю;
тазалау;
қауіпсіздік профилактикасы;
басқару.
Кәсіпорынды басқару функциясы:
есеп, статистика
талдау
жоспарлау
шешім қабылдау, оны іске асыру
мотивация
орындауды бақылау
реттеу.
Кәсіпорынның негізгі ұйымдастыру функциялары:
нормалау;
күнделікті жоспарлау, еңбекті бөлу және кооперациялау;
жұмыс орнын жоспарлау;
еңбекке қолайлы жағдай жасау;
дайын өнімді өткізу;
рационализация;
Дәріс №5
Тақырыбы: Пайда-кәсіпорынның басты мақсаты.
Дәрістің мазмұны:
Кәсіпорынның шекті мақсаты.
Кәсіпорындағы пайда табу үшін қолданылатын төрт тәсіл.
Мақсаты: Кәсіпорынның пайда табу көздерін айқындау.
Кәсіпорынның шекті мақсаты пайда табу. Пайда табу үшін қоғамға керекті тауарлар мен қызметтерді өндіру керек. Кәсіпорын пайда табу үшін төрт тәсілді еркін қолдану керек: баға тағайындау, шығындарды жасақтау, өнім көлемін анықтау, өнімнің ассортименті мен номенклатурасын таңдау. Егер кәсіпорын төлем мүмкіндігі жоқ болса, яғни несие бергендерге қайтарым жасай алмаса, бюджетке және тағы басқа төлемдерді қайыра алмаса, ол кәсіпорын банкрот болады. Ондай кәсіпорындарға мынандай шара қолдануы мүмкін. 1) қайта құрумен байланысты сыртқы басқарушы сауықтандыру санкциясын қолдануы мүмкін.2) алажақтардың бақылауымен , немесе арбтраж сотының қаулысымен шешім қабылданады. 3) бейбіт келісім- несие беріші мен бережақтың арасында төлемді кейінгі мерзімге қалдырады, әлде бережақтан шегеру жасайды.
Дәріс №6
Тақырыбы: Өндірісті ұйымдастыру.
Дәрістің мазмұны:
1.Мамандандыру
2.Пропорционалдық
3.Үздіксіздік
Мақсаты: Өндіріске қатысатын негізгі қорларды анықтау.
Негізгі өндірістік қорлар өндірістің бірнеше циклне қатынасады , өзінің заттық қасиетін сақтайды, өндірген өнімге өзінің құнын біртіндеп аударады. Негізгі өндірістік қорлардың активті бөлігі болады, өндірісте шешуші роль атқаратын күш және жұмыс машиналары, жабдықтар, аспаптар, есептеу машиналары. Олар еңбек затын өндеуге тікелей қатынасады. Пассивті бөліміне: ғимараттар, құрылыстар, транспорт. Олар өндіріске жанама рольде қатынасады.
Дәріс №7
Тақырыбы:
Дәрістің мазмұны: Кәсіпкерлік істі ұйымдастыру және дамыту.
1. Жаңа кәсіпорынды ұйымдастыру.
2. Жаңа кәсіпорынның құру құжаттары.
Мақсаты: Жаңа кәсіпорынның ісін ұйымдастыру.
Жаңадан кәсіпорын құрудың бастапқы кезеңінде құрушылар құрамы анықталады, құру құжаттары жасақталады:
кәсіпорынның жарғысы (уставы);
кәсіпорын құру және оның қызметі жөнінде келісім. Онда ұйымдастыру құқық формалары көрсетілуі тиіс;
директор мен тексеру комиссиясының төрағасын сайлаған қоғам мүшелерінің жиналысының хаттамасы.
Банкте құралатын кәсіпорынның шоты ашылуы керек, оған уставтық ( жарғылық) капиталдың 50 пайыздан кем емес қаржысы түсуі керек. Кәсіпорын жергілікті әкімшілік органдарда тіркелуі міндетті.
Мемлекеттік тіркеуден өту үшін жаңадан құрылатын кәсіпорын мынандай құжаттарды даярлайды:
құрылтайшының ( немесе құрылтайшылардың тіркеу туралы арызы)
кәсіпорынның Жарғысы;
кәсіпорын құру туралы қаулы;
кәсіпорынды құру және оның жұмысы туралы құрылтайшылар Шарты;
мемлекеттік пошлинаны төлегені туралы куәлік;
Дәріс№8
Тақырыбы: Кәсіпорынның негізгі ұйымдастыру функциялары.
Дәрістің мазмұны:
Кәсіпорында атқарылатын жұмыстар.
Кәсіпорынды басқару функциясы.
Кәсіпорынның негізгі ұйымдастыру функциялары.
Мақсаты: Кәсіпорында атқарылатын жұмыстарда айқындау.
- нормалау;
кунделікті жоспарлау, еңбекті бөлу және кооперациялау;
жұмыс орнын жоспарлау;
еңбекке қолайлы жағдай жасау;
дайын өнімді өткізу;
рационализация ( жаңашылдық).
Кәсіпорында атқарылатын жұмыстар:
ғылыми зерттеу;
жоспарлық құрастыру;
өндіру;
жөндеу,модернизациялау;
бақылау, брактау;
сақтау;
тасымалдау;
қайта өндіру;
консервация, буып-түю;
тазалау;
қауіпсіздік профилактикасы;
басқару.
Кәсіпорынды басқару функциясы:
-есеп, статистика
-талдау
-жоспарлау
-шешім қабылдау, оны іске асыру
-мотивация
-орындауды бақылау
-реттеу.
Кәсіпорынның негізгі ұйымдастыру функциялары:
нормалау;
күнделікті жоспарлау, еңбекті бөлу және кооперациялау;
жұмыс орнын жоспарлау;
еңбекке қолайлы жағдай жасау;
дайын өнімді өткізу;
рационализация;
Дәріс№9
Тақырыбы: Өнім сапасын реттеушілік ролі.
Дәрістің мазмұны:
Сапа деген сөздің ұғымы.
Кәсіпорындардың сапаға деген пікірлері.
Мақсаты: Кәсіпорындардағы сапа туралы ұғымды түсіндіру.
Сапа дегеніміз – тұтыну қажеттілігін қанағаттандырудағы өнімнің қасиеттерінің жиынтығы. Қандай да болмасын өнім өзінің қасиеттік жиынтығын құрайды: сенімділік, эстетикалық қасиеттері, қауіпсіздік экологиялық тазалық. Тұтынушылар сапалы өнім алуға ынталанады, себебі: қажеттілігін толық қанағаттандырады, пайдалану шығындарын азайтады.
Өнімнің сапасы еңбектің, еңбек заттарының, еңбек құралдарының, технологияның, басұарудың, жалпы өндіріс сферасының сапасының нәтижесі.
Көпшілік экономистердің пікірі бойынша кәсіпорын мына принциптерге сүйеніп дамуы керек.
сапа кәсіпорынның барлық функцияларын қамтитын үздіксіз процесс;
өнімнің сапасын арттыру фирманың барлық қызметкерлерінің ынталылығына байланысты;
сапа өнімнің өзіндік құнын арзандатуға ықпалын тигізеді;
сапа- бұл жаңа техниканы, технологияны қолдану;
сапаны тікелей басқару керек, өндірісті, қаржыны, құрал-жабдықтарды басқарған тәрізді.
Дәріс№10
Тақырыбы: Кәсіпорын бағалы қағаздар нарығында.
Дәрістің мазмұны:
Бағалы қағаздардың мәні.
Инвестор және кәсіпорын.
Мақсаты: Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың бағалы қағаздар шығару процессіне қатысуы туралы түсінік.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынды инвестициялауға (қаржыландыруға) дәстүрлі қор жинау таза пайданың бір бөлігі, амортизациялық қордан басқа фактор ол қор нарығы, яғни бағалы қағаздар нарығы. Мысалы, акционерлік қоғамдар бағалы қағаздары: акция, облигация шығара алады.
Кәсіпорын тарапынан бағалы қағаздар шығару ( эмиссия) – бұл капиталды шоғырландырудың маңызды тәсілі . Кәсіпорын бір жағынан эмитент ролін атқарады. Яғни, бағалы қағаздар акция, облигация, вексельдер шығарады. Екінші жағынан, инвестор болады- өзінің басы артық қаржыларын басқа кәсіпорындардың бағалы қағаздарына жұмсайды және сол арқылы диведенд(табыс) алады.
Дәріс№11
Тақырыбы: Кәсіпорын бағалы қағаздар нарығында.
Дәрістің мазмұны: Кәсіпкерлік істі ұйымдастыру және дамыту.
1. Жаңа кәсіпорынды ұйымдастыру.
2. Жаңа кәсіпорынның құру құжаттары.
Мақсаты: Жаңа кәсіпорынның ісін ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |