Левандовский А.А. «Россия в ХХ веке». М., 1997 г.
Верт Н. «История Советского государства». М., 1992 г.
Геллер М., Некрич А. «Утопия у власти». М., 2000 г.
Поцелуев В.А. «История России ХХ столетия». М., 1997 г.
Исингарин Н. «10 лет СНГ» (Проблемы, поиски, решения). Спб 2000 г.
Реабилитация: Политические процессы 30-50-х годов. М.,1991.
История России.ХХ век. Отв.ред.В.П.Дмитриенко. М.,1996.
История Отечества: люди, идеи, решения в 2-х т. М.,1991.
Политическая история: Россия-СССР. В 2-х т. Т.1-2. М.,1996.
Политическая история: Россия-СССР. В 2-х т. Т.1-2. М.,1996.
М. Мунчаев, В. М. Устинов. «История России». М., 2003 ж.
История Российского государства. Ред. басқарған Ш. М. Мунчаев. М.,2000 ж.
- М.С. Горбачевтің билік басына келуі және саяси реформалардың алғашқы әрекеттері.
- «Қайта құру» саясаты және оның кереғар жағы.
- Экономикалық реформалар: мекемелердің дербестігі мен жекеменшік бастамалары. Шаруашылық есеп. Ішімдікке қарсы бағдарлама.
- Саяси реформалар: оның мақсаттары мен міндеттері. Саяси плюрализм. Одақтас республикалардың дербестікке ұмтылуы.
- Беловежск келісімі. КСРО-ның ыдырауы. 1991 ж. Минск кездесуі. Орта Азиялық республикалардың басшыларының Бішкек, Ташкент, Ашхабад кездесулері. 1991 ж. Алматы кездесуі.
15 апта
43 кредит сағат
№ 29 дәріс
Тақырып: ХХ ғ. 90 жж. Ресей.
Дәрістің мазмұны
1. 1992- 1998 жж Ресей экономикасыңдағы өзгерістер
2. Жаңа мемлекеттіліктің қалыптасуы.
3.Экономиканы либералдық қайта құру жолына салу және оның нәтижелері.
№29 дәріс
1 сұрақ: 1992- 1998 жж Ресей экономикасыңдағы өзгерістер.
Поскомунистік экономикадағы озгерістерді «Шоковая терапия» деп те атайд. Бұл саясат тұралы әртүрлік пікірлер бар. Белгілі экономист А.В. Улюкаев пікір бойынша Ресейдегі нарықтық реформалар цикілі 1998ж. аяқталды. 1992-1998 ж.ж. негізгі мәселе қаржылық тұрақтылықты орнықтырып монитарлық саясаттың әдістерін қолдану болды.
Қаржылық тұрақтылық инфляциямен күрес және бюджет тапшылығын қысқарту арқылы жүзеге асырлады. Әлемдік тәжірбиеде инфляция дәрежесі жылына 40 %-дан аспаған жағдайда экономикалық өрлеу байқалады, ал 1992 ж. Ресейде инфляция көлемі 2509 % -ға көтерілді, 1993 ж. 840 %, 19994-ж.215%, 1995ж. 131%, 1996ж. 21% -ға дейін төмендеді. 1992-1998 ж.ж. Ішкі ұлттық табыс 44 %-ға қысқарды (ВВП), ал Ұлы Отан соғыс жылдарында 24% болды.
1992-1998 ж.ж. шоктық эканомиканың басты нәтежиелері ақша-қаражат процесстері нақты экономиканың бөлек жүріп жатты, яғни қаражат өндіріс сферасынан тыс пайдаланылды.
90жылдары Ресейдегі экономикалық проблемалардың бірі мемлекеттік қарыз болатын. 1998 жылдың ортасына ішкі мемлекеттік қарыз өсті, 105 млрд доллар КСРО кезендегі қарызға жаңа 50 млрд доллар қосылды. Осы көрсеткіш бойынша Ресей әлемде 12-орынан 1-орынға шықты. Міне осының барлығы 1996 жылғы 17 –тамыздағы экономикалық дағдарысқа алып келді.
Ресейдегі приватизация.
Ресейдегі мемлекеттік меншікті приватизациялау 1992-1998 ж.ж. экономикалық саясаттың күрделі және дискуссиялық бағыттардың бірі.
Күрделі саяси, экономикалық және идеологиялық процестер нәтежиесінде 1990ж. КСРО-да жеке меншікке рұқсат берілді. Белгілі экономистер Л.И Абалкин, Г.И Явлинский экономикалық дағдарыстан шығу бағдарламаларының басты элементі приватизацтя болды. 90жылдығң аяғында РСФСР ЖК құрамындағы экономикалық Комитет приватизация варианттарын әзірлеуге кірісті. 1991ж. көктемде мүліктерді басқарудың Мемлекеттік Комитеті құрылды. 1991 ж. қазанда Е.Т Гайдар басқарған «реформалар үкіметі» экономикалық саясатқа біраз өзгерістер енгізді. Мүліктерді басқарудың Мемлекеттік Комитетің А.Б Чубайс басқарды және оның құрамына М.Бойко, Д.Васильев, А.Казаков, А.Кох, П.Мостовой кірді . 1991 жылдың желтоқсанында президент Б.Н. Ельциннің «Мемлекеттік және муниципальдық өнеркәсіп орындарын приватизациялаудың бағдарламасының негізгі ережелері » деген үкімі шықты.1992ж. бірінші жартысында «Кіші приватизация » жүргізіліп болашақ «Үлкен приватизацияның» бағдарлары анықталды.
Приватизация бағдарламасына жеті міндет қойылған.
Жеке меншік иелер тобын қалыптастыру
Өнеркәсіп орындарының тиімділігін арттыру
Әлеуметтік мәселелерді шешу.
Қаржылық жағдайды тұрақтандыру.
Экономикада бәсекелестік жағдайды қалыптастырып, демонополизацияны жүзеге асыру.
Шетел инвестицияларын тарту.
Приватизация көлемін ұлғайту мақсатында ұйымдық құрлымдар мен жағдайларды қалыптастыру.
Приватизация қорытындылары бойынша осы жеті міндеттің тек жетіншісі ғана орындалды.
2сұрақ: 1992-1999 ж.ж. Ресей президенті Б. Н.Ельцин болды. 1999ж. 31 қаңтарда Ресей азаматтарына жаңа жылдық үндеуінде өзінің отставкіге кететіндігін жариялады. Конституцияға сай президент міндеті Үкімет Төрағасы В.В.Путинге берілді.
Осы оқиғалардың алдында баспасөзде В.В Путиннің « Ғасырлар тоғысындағы Ресей » деген мақаласы жарияланған болатын. Бұл мақалада Ресейдің өткені мен қазіргі кезендегі міндеттері айтылды. В.В Путиннің пікірі бойынша ең басты міндет-Ресей қоғамын біріктіру болатын. Әр түрлі саяси және экономикалық күрестердің нәтежиесінде саяси жағынан әлсіреген Ресей қоғамын әр азаматтың өз ырқымен таңдауы арқылы ғана біріктіріп , бекітуге болады.
В.В Путин әсіресе мемлекеттілікті біріктіру мәселесіне көңіл аударды. «Ресейдің жаңарып, қайта түлеп өрлеуінің кілті-мемлекеттік –саяси сферада. Бүгін Ресей қоғамына мықты мемлекеттік билік керек және оған ие болу керек » деді. Осы ойын одан әрі нақылай түсе автор: «Ресейдегі мықты мемлекеттік билік дегеніміз- демократиялық, құқықтық, федеративтік мемлекет» деп көрсетеді.
Экономикалық проблемалар туралы тиімді экономиканы, әлеуметтік саясатты жүзеге асырып, халықтың тұрмыстық жағдайын тұрақты түрде көтеру деп түсіндіреді. Мақаланың аяғында Ресейдің бүгінгі өте ауыр кезеңі туралы мәселеге көңіл аударады. «Соңғы екіжүз, үшжүз жыл тарихта Ресей әлемдік мемлекеттер эшалонында екінші, үшінші орынға түсуде» дейді. Сондықтан барлық ішкі инеллектуалдық , рухани күштерді жұмылдыру осы кезеңнің басты міндеті деп көрсетеді
2002 ж.майда өткен Ресей президенті сайлауда, сайлаудың бірнші турында-ақ сайлаушылардың 52 % пайыздық дауысын алып В.В Путин Ресей президенті болып сайланды. Қоғамның барлық құрлымдарын жетілдіріп, қайта құру ісі басталды.
Президент пікірі бойынша 2000 жылы Ресейде конфедеративтік мемлекеттің белгілері қалыптасқан. Орталық биліктің әлсіреуі Ресей аймақтарында тиімді әлеуметтік –саяси және экономикалық курсты жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді. Сондықтан жаңа « билік вертикальін» құру маңызды міндетке айналды. Осы мақсатпен 2000 ж. мамыр айында РФ президентінің Үкімі бойынша Ресей территориясында 7 федеральдық округ құрылды.
Солтүстік-Батыс
Орталық
Приволжский
Оңтүстік
Орал
Сібір
Қиыр Шығыс
Бұлар жаңа әкімшілік бірлік немесе Федерация субьектісі емес. Әрбір округқа жергілікті органдардың қызметтерін жалпы Ресейлік заңдылық негізінде ұйымдастыруды, үйлестіріп отыру үшін президенттің өкілетті өкілдері жіберілді. Аймақтық құқықтық актілерді ( Конституциялар, заңдар , үкімдер) жалпыфедеральдық нормалармен үйлестіру жұмысы басталды.
Екіншіден Ресей Федеральдық Жиналысының Жоғарығы палатасы- Федерация Кеңесінің жұмысына өзгеріс енгізді. Федерация Кеңесінің жұмысына тұрақты негізде Республика ,аймақ облыс өкілдері кіріп тұрақты жұмыс жасады.
Үшіншіден, РФ президенті жаңынан кеңесші орган – Мемлекеттік Кеңес құрылды.
2000-2003ж.ж. Мемлекеттік Дума мен жоғарғы атқарушы билік органдарынң қарым-қатынасы өзгерді. Ельцин дәуіріне тән парламент пен президент арасындағы тартыс пен жан-жал жойылды. Думада центристік позициядағы пропрезиденттік көпшілік қалыптасты. 2000ж. Думадағы фракциялар «Единство», « Отечество- вся Россия», «Народный депутат», «Регионый России»осы көпшілік пропрезиденттік топта 235 мандатқа ие болды. Осының өзі президентке белсенді саясат жүргізуге мүмкіндік туғызды.
Ресей армиясына реформа жасау ісі басталды.2010ж. келісім негізіндегі армияны қалыптастыру жоспарланды, ІІМ-нің қызметінде де біраз өзгерістер болды. Мемлекеттік қауіпсіздендіру жүйесінде бірқатар өзгерістер болды. 2003ж. Федеральдық қауіпсіздік жүйесіне Федеральдық шекара қызметі қайтарылды (ФПС) және Федеральдық салық полициясының қызметі өзгерді. Салық –фискальдық функциялар ІІМ-не берілді. Сот құқықтық жүйе жұмысына жаңалықтар енгізілд
3-сұрақ
2000 жылы Экономикалық даму және сауда Министрлігі «Ресей Федерацичсның ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары» деген құжат қабылдап, 2010 жылға дейінгі мемлекеттің экономикалық саясатын стратегиялық басымды бағыттарын анықтады. Негізгі мәселе кезек күттірмейтін мәселелерді шешу болады.
Ресей Федерациясының криминалдық табыстарды заңдастыру әрекетіне қарсы шаралар деген заң шықты. 2001 жылы қарашада қаржы минстрлігінде жаңа орган-қаржы мониторингісінің комитеті деген құрылды.
2000 жылдың аяғында жаңа Салық және Кеден кодекстері қабылданды. Салық жүйесі 30-дан 13 пайызға дейін төмендетілді. Бұл Еуропадағы ең төменгі көрсетікш сондықтан «көлеңкелі экономикадағы» капитал реальды секторға көше бастады. Сырттан кіретін тауарларға кеден салығы төмендетілді.
2000-2003 жылдары мұнай, газ, электро энергетика, темір жол транспорты, тұрғын үй комуналдық шаруашылық салаларын басқаруды қайта құру шаралары белгіленіп жүзеге асырылды. Бәсекелестік ортаның құалыптасуына байланысты инвестиция көлемі ұлғайып жаңа аталған салалардағы сапалы өзгерістерге әкелді.
2001 қыркүйекте Думада жаңа Жер кодексі қабылданып, жер меншігі құқығы және жерді сату-сатып алу механизмі анықталды. Аграрлық өнеркәсіп орындарына жеңілдік берілді. Жаңа кредит жүйесі қалыптасты.
2000- 2004 жылдары Ресей өнеркәсібінің «шикізаттық сипатына үкімет ерекше көңіл аударды. Экономиканың жетекші салаларын жаңа технологиялық ғылыми негізге көшіріп, стратегиялық міндеттерді шешудің жолдарын анықтау белгіленді. Әсіресе, Ресей ғылымының әлемдік үлгілері қалыптасқан салаларына көңіл аудару белгіленді.
Экономикалық саланы дамытудың жаңа принциптері өзінің алғашқы тиімділігін көрсете бастады. Мемлекеттік бюджет тұрақтанып қазына толықты. Бұл жағдай елдің дамуын тұрақты және қарқынды бағытқа көшіруге мүмкіндік берді.
Халық шаруашылығындағы оңды өзгерістер әлеуметтік саладағы саясатты күшейтуге мүмкіндік берді.
2000 жылдың аяғында жалақа, пособиелер, зейнетақы қордаланған қорлары қайтарылды. 2001-2004 жылдары бюджеттік сала қызметеркерлерінің жалақысы бірнеше есе өсті, пенсия көлемі өсті, азаматтардың нақты табыстары өсіп, жаңа жұмыс орындары пайда болды. Жаңа Еңбек кодексі қабылданды, және зенесақы реформасын жүргізу үшін бірнеше заңдар әзірленді.
30 дәріс
Тақырыбы: Ресей Федерациясының сыртқы саясаты.
1.Сыртқы саясаттағы негізгі басым бағыттар.
1. КСРО-ның күйреуі екі әлеуметтік-экономикалық жүйе мен әскери-саяси блоктың глобальдық деңгейдегі қарама-қарсы күресінің соңғы кезеңінің аяқталуы болды. «Постқырғи-қабақ» дәуір деп аталған жаңа геосаяси кезең басталды. Екі полюсті әлемнің жойылуына байланысты халықаралық қауымдастықтағы геосаяси күштер конфигурациясы қандай форма алады деген өткір мәселе туындады.
Тарих сахнада КСРО мен социалистік елдердің әскери-саяси Варшава блогының жойылуы бір полярлық әлемдік құрылымды қалыптастырып, бірден-бір супер держава АҚШ пен бір ғана әскери-саяси блок НАТО үстемдік жасай бастады. АҚШ-тың өзінде «американдық ғасыр», «ерекше американдық миссия» деген идеялар қайта жанданып, глобальды саясаттың мазмұнына айнала бастады. Бұдан басқа екінші бір пікірді де ескере кету керек. Ресейдің ядролық потенциалы және ХХІ ғасырдың басында әлемдік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ете алатын елдердің нығаюы көпполярлы әлемді қалыптастырады
КСРО-ның күйреуі евразиялық кеңістіктегі геосаяси ахуалды өзгертті.
КСРО территориясында қалыптасқан егеменді мемлекеттер халықаралық қауымдастықта өз сыртқы саясатының бағыттары мен мазмұнын анықтауда. Бұрынғы КСРО-мен көршілес елдерде: Шығыс және Орталық Европа, Қытай, Түркия. Иран, Скандинавия елдерінде геосаяси жағдай өзгерді. Осыған байланысты жергілікті күштер арасалмағы өзгеріп, көп нұсқалы қатынастар қалыптаса бастады. Ашық батыстық бағыт ұстанған елдер: Шығыс және Орталық европа елдері, Балтық маңы елдері және Біріккен Германияның Евроодақтағы позициясының күшеюімен қатар өзіндік дара саясат ұстанып отырған Франция, германия, италия сияқты елдер бар. Бұл елдердің АҚШ-тың мүдделерінен өзге өзіндік геосаяси мүдделері бар. Бұл әрине АҚШ позицицясын әлсіретеді.
АҚШ әлемдік қаржы-экономикалық пирамиданың төріндегі бірден-бір мемлекет емес.Онымен қатар жеті дамыған мемлекет бар: Ұлыбритания, Канада, Германия, Италия, Жапония. Осы «жетілік» құрамында АҚШ үстемдік еткенмен, әрбір елдің принципиалды мәселелер бойынша өз пікірлерінің бар екендігін ескеру керек.
Көп полярлы әлемнің күш алып, қарқындап келе жатқандығын басқа факторлардан да көруге болады. Азиялық-Тынық мұхиттық аймақта (АТР) Жапония, қытай, Австралия, Жаңа Зеландия, Тайвань, Оңтүстік Корея, Сингапур өздерінің экономикалық қуаты жағынан ұлттық өнім қоры (ВНП) АҚШ-пен Евроодақ үлесіне тең. Ғылыми болжам бойынша болашақ онжылда бұл аймақ әлемдік ұлттық қордың 50%-не ие болады. Қытай әлемдік қауымдастықтағы жеке-дара күшке айналып отыр. Жапония экономикалық даму тұрғысынан АҚШ-ты қуып жетті. Әлемдегі 100 ірі банктің 29-ы жапондықтардың банктері, бұл Америка, Франция, Германия банктерін қосып алған деңгейден де жоғары.
Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің Ассоциациясы-АСЕАН-құрамында Индонезия, Малайзия, Сингапур, Тайланд, Филиппин, Брунея кіретін субаймақтық саяси-экономикалық ұйым болып есептеледі. Ядролық қаруы бар Үндімстан, Пәкістан өз алдына бөлек бір күш, оған қоса Иран, Араб елдері және Латын Америкасы елдері бар.Геосаясатта осы аталған аймақтардың жеке-дара саясат ұстана алатындығына күмән келтіруге болмайды.
Ресейдің сыртқы саясаттағы ұстанып отырған ресми доктринасы «көп полярлық» концепция болып есептеледі. Бүгінгі таңдағы әскери-саяси жағдайдың дамуында бір-біріне қарсы тұратын екі тенденция бар.
1.Бір полярлық әлем бір супер державаның үстемдігі және әлемдік саясаттың өзекті мәселелері әскери күшпен шешуге ұмтылу.
2.Халықтардың егемендігі мен теңдігін және мемлекеттердің ұлттық мүдделерінің балансын қамтамасыз ететін, халықаралық құқық нормаларын мәселені шешудің негізі етіп алатын көпполярлы әлемнің қалыптасуы.
Ресей осы екінші тенденцияның күшеюіне күш салып отыр. АҚШ саясатына қарсы Ресей мен Қытай көпполярлы әлем туралы декларация қабылдады. Бұл идеяны Үндістан, Иран, Ирак және Тынық мұхиты аймағы елдері қолдап отыр.
КСРО-ның күйреуі Ресейдің геосаяси жағдайын әлсіретті. Бес миллион шаршы шақырым территоридан айрылды және Балтық теңізі жағалауына шығатын Калиниград нүктесі ғана қалды. Қара теңіз, Каспий, Балтық теңізі шельфтеріндегі ресурстарынан айрылды. 25 миллион орыстар басқа мемлекеттердің құрамында қалды.
Сібір мен Қиыр Шығыстағы экономикалық мүмкіндіктер жоғары болғанымен, бұл ауданда небары 8 миллион халық тұрады. Бүгінгі таңда бұл ауданда 2 миллиондай Қытай және Въетнам эмиграциясы бар.
Үкімет басына В.В.Путиннің келуімен байланысты Ресейдің сыртқы саяси бағыттары өзгерді. Біріншіден, Ресей Батыстың дамыған мемлекеттері қатарына кіру бағытын ұстанды. Екіншіден, ТМД елдерімен халықаралық нормалар негізінде қарым-қатынасты ұлғайту және ТМД жүйесін экономикалық-саяси бір организмге айналдыру басым бағыт болып отыр. Ресей инициативасымен ТМД шеңберінде Парламентаралық Ассамблея құрылды, ТМД Атқарушы Хекретариатының лауазымы енгізілді, ТМД Уставы қабылданды, Халықаралық экономикалық комитет құрылды, Ұжымдық қауіпсіздік Кеңесі құрылды. 1996 жылы наурызда Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей экономикалық және гуманитарлық саладағы ықпалдастықты тереңдету туралы Келісімге қол қойылды, сәуірде Ресей, Белоруссия Достастық келісіміне қол қойды.
2001 жылы Евразиялық экономикалық қауымдастық (ЕврАзЭс)құрылды. Бұған Ресей, Белоруссяи, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан кірді. Кейін оның құрамына Молдавия мен Украина кірді. Экономикалық ықпалдастық нәтижесінде Ресейдің тауар айналымы 5 пайызға өсті. Экономиканың жандануы мәдени байланыстарды қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Қазақстанда, Украинада Ресей мәдениет күндері, Ресейде Қазақстан, Молдавия жылдары өткізіліп, ғылыми, гуманитарлық саладағы байланыстар нығайтылды.
ТМД территориясында бейбітшілікті сақтау мақсатында Мемлекетаралық аймақтық Ұйым құрылды. 2002 ж. Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесі құрылды, оған Ресей, Армения, Белоруссия, Қазақстан ,Қырғызстан, Таджикистан кірді. Кеңес мүшелері өзара қарым-қатынастың құқықтық базасын даярлап, әскери-техникалық байланыстың механизмін анықтап ТМД елдері Ресейдің сыртқы саясатында басым бағыттардың бірі.
Ресей ұсынысы және Пекиннің қолдауымен 2001жылы Ынтымақтастықтың Шанхай ұйымы (ШОС) құрылды. Бұл ұйымға Ресей,Қазақстан,Қырғыстан, Таджікстан, Өзбекстан кірді. ШОС өзара байланысты нығайтып аймақтағы тұрақтылықты қамтамассыз етуді және жаңадан туындайтын қауіп пен қарама-қайшылықтарды шешуді қамтамассыз етеді. ШОС шеңберінде аймақтық антитеррорлық құрлымның Бішкекте штаб-квартирасы құрылды. ШОС Хатшылығы Пекинде орналасқан. ШОС әлемдік саясаттың ықпалды факторына айналды.
Азия аймағындағы саяси белсенділікпен қатар Ресей Батыс пен қарым –қатынасын реттеуге ұмтылды.Европалық Одақпен және НАТО мен әріптестік қатынастарды дамыту сыртқы саясаттағы басым бағыттардың бірі болды. Ресей-НАТО Кеңесі құрылды.
Ресей және қарым-қатынастарында да біраз өзгерістер болды. АҚШ әлемдегі жетекші әскери, саяси держава, Ресейдің мүмкіндіктері орасан зор. 2002 ж. екі ел арасында «стратегиялық қарым-қатынастар туралы Декларация» қабылданды, сөйтіп екі ел конфронтациялық саясаттан ықпалдасу саясатына көше бастады. 2002 ж. Ресей 8 мемлекеттің толық мүшесі болды. 2006 ж. сегіздік отырысы Ресейде өтті.
Достарыңызбен бөлісу: |